Достық жеңді

Әлеумет
15.11.2018, 11:56

 «ҚТЖ» ҰК АҚ – Шымкент магистральдық желі бөлімшесінің теміржолшылары арасында спорттың сан түрлерінен сайыс ұйымдастыру – дәстүрге айналған шара.  

Мысалы, өткен сенбіде Шымкент қаласындағы Манчестер спорт кешенінде жарыстың үш түрінен теміржолшылар арасында сайыс өтті. Командалар мини-футболдан, үстел үсті теннис пен шахматтан өзара жарысты.  

Таңертең басталған сайысқа 6 команда қатысты. Олар НОД ЖТ-9, НЖС-9, ШЧ-38, Арыс станциясы, ЛОИС, «Транстелеком» АҚ, ӘТЖБ командалары. Әрине, әр команда жеңіс үшін барын салып, шаршы алаңда «өліп-тірілді» десек болады.

Үш сағатқа созылған сайыстың нәтижесінде жүлдегерлер де анықталды. Шағын футболдан 1-орынды ӘТЖБ командасы, 2-орынды НОД ЖТ, 3-орынды НЖС-9 командалары өзара бөлісті. Ал шахмат пен үстел үсті теннисінен әйелдер арасынан Әсекерилендірілген теміржол күзеті филиалының бухгалтері Гүлжан Таменоваға шақ келер қарсылас болмады.

– Теміржолшылар арасында осындай сайыстарды жиі өткізіп тұруға тырысамыз. Мақсат – теміржолшылар арасында бұқаралық спортты дендеп енгізу, сала жұмысшыларының арасындағы аурулар түрін азайтып, денсаулықтарын күшейтуге күш салу, саламатты өмір салтын ұстануға үндеу,сонымен қатар халықаралық және республикалық жарыстарға ҚТЖ құрама командасының арасынан мықты спортшыларды іріктеу жұмыстарына мақсатты түрде дайындау болып табылады, – деп пікір білдірді шараға демеушілік жасаған Шымкент магистральдық желі бөлімшесі кәсіподақ кеңесінің төрағасы Ерлан Серперов.

Жеңіске жеткені де, жетпегені де бар, сайып келгенде «достық жеңді» деген тұжырым жасалып, барлық қатысушыларға естелік сыйлық табыс етілді.

Жансая СЫДЫҚБАЙ, Шымкент 


Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ «Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында тағы бір алтын медаль жеңіп алды
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында ҚТЖ алғашқы алтын медалді еншіледі
Аймақтар
07.08.2026
Арқалықта жаңғыртудан кейін теміржол вокзалы ашылып, жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды
Жаңалықтар
07.08.2026
«Нұрлы жол» вокзалында санитарлық үй-жайлар жаңартылуда
Аймақтар
07.08.2026
Кәсіби шыңдалу мектебі
Аймақтар
07.08.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбедегі вокзалдың құрылысын тексерді
Аймақтар
07.08.2026
Екпінді станциясында 800 метр жол жаңарды
Жаңалықтар
07.08.2026
Астана – 1 вокзалы заманауи, қауіпсіз және жайлы болады
Аймақтар
07.08.2026
Күзет қызметінің қырандары
Қауіпсіздік
07.08.2026
Қауіпсіздік талаптарын сақтау – міндет
Аймақтар
07.08.2026
Алпыс жылдық абыройлы жол
Жаңалықтар
07.08.2026
Кәсіподақ белсенділері марапатталды
Спорт
07.08.2026
Дойбышылар додасы
Жаңалықтар
07.08.2026
Темір жолдағы қауіпсіздік бойынша ҚТЖ акциясына 150 бала қатысты