25.09.2026 — Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Жамбылдық вагон қараушысы Махмұд Насиболаев марапатқа ұсынылды

Әлеумет
22.11.2018, 14:22

Теміржолдың қай саласы болсын қызметі оңай емес. Қауіп-қатермен бетпе-бет, қайнаған өндірістің ортасында жүріп еңбек етудің жауапкершілігін айтыңыз. Экономиканың күретамырына айналған саланың күндіз-түні қарбаласып жататын тыныс-тіршілігі стратегиялық маңызға ие болғандықтан қатаң қадағаланып, жолаушы мен жүк құрамдары тексеру мен бақылаудың тиісті кезеңдерінен өтеді.   

Бәрінің илегені бір терінің пұшпағы десек те, нағыз еңбек, қара жұмыс қарапайым теміржолшынікі екені талас тудырмаса керек. Соның ішінде жолшылар, локомотившілер мен вагоншылар еңбегіне баға жетпейді. Жылдың төрт мезгілінде, тәуліктің кез келген уақытында станцияға келген-кеткен пойыз вагондарының техникалық жарамдылығын тексеретін вагон қараушылардың жұмысын жеңіл деп кім айта алады? Ал вагонның кез келген бөлшегінен, дөңгелек жұбы сынды қозғалыс механизмдерінен кеткен ақау дер кезінде вагон қараушының қырағы назарына ілінбесе, оның арты неге ұрындыратынын біз жақсы білеміз...    

Жамбыл станциясындағы ВЧД-27 вагон депосында вагон қараушы болып жеті жылға жуық жұмыс істеп келе жатқан Махмұд Насиболаев – сол біз айтқан теміржолдың нағыз қаранары, теміржолшыға қойылар талапқа сай келетін нағыз кәсіби маман. Кезінде Тараздағы темір жол колледжін бітіріп еңбек жолын станцияда бастаған екен. Содан бері, міне, темір жолдың отымен кіріп, күлімен шығып жүрген жандардың бірі. Бүгінде деподағы ең тәжірибелі вагон қараушының бірі. Жеті жылда қанша мыңдаған жылжымалы құрамдарды «қауіпсіздік аралынан» қарсы алып, шығарып салды, оны санаған кім бар?

Жуырда Махмұд өзінің қырағылығы мен сақтығын тағы бір дәлелдеп, үлкен пойыз апатының алдын алды. Тарқатып айтсақ, 26 қазанда күн еңкейіп, уақыт құлама бесінге ауған кезде станция аумағына Шу бағытынан келе жатқан құрама жақындаған. Вагон доңғалақтарынан көз алмай өз қызметтік міндетін атқарып тұрған Махмұд Насиболаев кенет «шұғыл тоқтату» белгісін берді. Кезекшілерге хабар жетіп, екі иінінен дем алып әзер тоқтағандай болған құрамнан «күдікті» вагон тексеруге алынды. Кейін белгілі болғаны, астық тиелген жабық вагонның доңғалағын ұстап тұрған бүйірдегі шойын рама морт кетіп, сызаты кәдімгідей ашылып кеткен екен.

– Әрине, темір екеш темір де тозады демекші, техника болған соң бүлінбей, сынбай тұрмайды. Сондықтан, ол қанша жерден шойын, болат болса да біз көз алдымыздан өтіп жатқан вагонның әр торабына үңіле қарап, ақау іздейміз. Сондықтан, біздің кәсібімізде бірінші қажеттілік – сақтық пен қырағылық, – дейді кейіпкеріміз.

Ал рамасынан ақау табылған вагонның сынған бөлшегі ауыстырылып, астық керуені сапарын әрі қарай жалғастырыпты. Ал вагон депосының басшылығы қарапайым вагон қараушының еңбегін елеусіз қалдырмай, тиісті құжаттарын жинап, жоғарыдағы басшылыққа Махмұд Насиболаевты марапатқа ұсыну туралы хат жолдапты. Қырағы теміржолшының қауіпсіздікке қосқан үлесін Ұлттық компания басшылығы да ескерусіз қалдырмас деген ойдамыз.

Осылайша, жүк пойызына төнген үлкен қауіптің алдын алған теміржолшы кейіпкерімізбен аз-кем сұхбатымыз аяқталып, қош айтыстық. Станция жолдарына ұзай бере артымызға қарадық. «Қауіпсіздік аралында» кірпік қақпай кезекті құрамды шығарып салып тұрған вагон қараушының жұмысына іштей сәттілік тіледік.

Жасұлан СЕЙІЛХАНОВ,

Жамбыл


Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді