"Балалар күлкісі станциясы": Семейдің жас теміржолшылары қайырымдылық марафонын өткізді

Әлеумет
27.11.2018, 13:32

Семейлік теміржолшы жастар жыл көлеміне жоспарланған шараларын қорытындылауда. Мәселен, жуырда қайырымдылық марафонының соңғы кезеңін тәмамдады. Аталмыш акция жергілікті теміржолшылардың мүгедек балаларына көмек жасау мақсатында қолға алынып, «Балалар күлкісі станциясы» деген жобамен қолға алынған болатын.  

Жастардың қайырымдылық мақсатында қаржы жинау бастамасына бөлімше басшысы Марлен Көкірекбаев құптау білдіріп, бағыт-бағдар беріп, мүмкіндігінше қолдау-көмек білдіріп отырды. Осы жолы, мысалы, таңертеңгілік мезгілде бөлімшенің бірінші қабатындағы кең фойеде тағам өнімдерінің жәрмеңкесі биылға соңғы рет өткізілді. Әдеттегіше, әріптестеріне ұсынылатын тағамның барлығын теміржолшы қыздар үйлерінен өздері пісіріп әкелді. Алдын ала әзірлікпен ықшам түрде ұйымдастырылған жәрмеңке екі күн ішінде де бас-аяғы жарты сағатқа жетпей тәмамдалды. Оның үстіне бұл бөлімшеде жұмыс істейтін теміржолшы қызметкерлер тарапынан қолдау тапқан шара болып отыр. Себебі, қыздардың пісірген ыстық тағамдарын да, тәттілерін де қоймайды, сатып алушылар әп-сәтте алып кетеді. Бұл жолы да солай болды.

Айта кетсек, жыл жабар бұл шара осымен төртінші мәрте өткізіліп отыр. Бұл жолы да қомақты қаражат түсті. Ал бұл соманы қандай мұқтаж жандарға беру керектігі жөніндегі мәселе алдағы уақытта өтетін жастар кеңесінің басқосуында талқыға түсетін болады. Әзірге, ұсыныс бойынша екі бірдей теміржолшы отбасы жастар көмегіне ие болмақ. Яғни, осымен жыл көлемінде сегізінші отбасы әріптестері тарапынан қамқорлыққа бөленеді деген сөз.

– Бұл жоба негізінде 2014 жылы басталған-ды. Алғашында қаладағы балалар үйлерінде мереке сайын қайырымдылық шараларын өткізетінбіз. Қазіргі күні өзіміздің ЖТ бөлімшесі мен НЖС-6 бойынша мүгедек балалары бар теміржолшыларға көмек көрсету мақсатында жәрмеңке өткізудеміз. Бүгінгі өткен шараға да жастар жоғары белсенділікпен қатысты. Барлығына айтар алғысым зор, – дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің Семей жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша аймақтық өкілі Ләззат Айтмұханова.

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей 


Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ «Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында тағы бір алтын медаль жеңіп алды
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында ҚТЖ алғашқы алтын медалді еншіледі
Аймақтар
07.08.2026
Арқалықта жаңғыртудан кейін теміржол вокзалы ашылып, жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды
Жаңалықтар
07.08.2026
«Нұрлы жол» вокзалында санитарлық үй-жайлар жаңартылуда
Аймақтар
07.08.2026
Кәсіби шыңдалу мектебі
Аймақтар
07.08.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбедегі вокзалдың құрылысын тексерді
Аймақтар
07.08.2026
Екпінді станциясында 800 метр жол жаңарды
Жаңалықтар
07.08.2026
Астана – 1 вокзалы заманауи, қауіпсіз және жайлы болады
Аймақтар
07.08.2026
Күзет қызметінің қырандары
Қауіпсіздік
07.08.2026
Қауіпсіздік талаптарын сақтау – міндет
Аймақтар
07.08.2026
Алпыс жылдық абыройлы жол
Жаңалықтар
07.08.2026
Кәсіподақ белсенділері марапатталды
Спорт
07.08.2026
Дойбышылар додасы
Жаңалықтар
07.08.2026
Темір жолдағы қауіпсіздік бойынша ҚТЖ акциясына 150 бала қатысты