25.09.2026 — Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Алматы теміржолшылары арасында бильярдтан біріншілік өтті

Әлеумет
28.11.2018, 08:11

Алматыда магистральдық желі бөлімшесі жұмыскерлерінің арасында бильярдтан біріншілік өтті. Спорттың бұл түрінен қысқы сайыс өткізу дәстүрге айналған. 

Бильярд үстелінің басына бұл ойынның ережелері мен тәртібін сақтай отырып, ойын техникасын көрсете білген ойыншылар жиналды.

Ойын өте тартысты өтті. Әсіресе бірінші орын алған вокзал шаруашылығы бөлімінің инженері Асқар Сейітов асқан шеберлігімен көзге түсті. Алғашқы минуттардан-ақ бар ынтасын ойынға қойып, сауатты ойнап, керемет ойын техникасын көрсете білген ол шеберлігімен тәнті етті.

Екінші орын алған коммерциялық ревизор Руслан Бектібаевтың да ойынын бақылау қызық болды. Оның бильярд таяқшасын қолына ұстағанынан-ақ оның қандай ойыншы екенін байқауға болатын еді.

Ал үшінші орын осындай сайыстардың тұрақты қатысушысы – теміржолшы ардагер Мұрат Омарбековке бұйырды. Ол да өзіне нық сеніммен ойнағаны көрініп тұрды.

– Жылдан-жылға бильярд ойнаушылардың қатары артып келе жатқаны бізді қуантады. Теміржолшылар арасында танымалдылығы жағынан бильярд мини-футболмен қатар тұр, – деді Алматы магистральдық желі бөлімшесінің спорт жөніндегі нұсқаушысы Альберт Қолдасбаев.

Кездесу соңында қатысушылар кубоктармен, Құрмет грамоталары және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Милена ҚАЙЫРОВА, Алматы


Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді