Жылдамдыққа жауапты

Әлеумет
28.12.2018, 13:46

Ақылбек Жаппаров – Арыс станциясында вагондар қозғалысының жылдамдығын реттеуші маман. Отыз жылдан бері осы станцияның «ыстығына күйіп, суығына тоңып» дегендей еңбек етіп келе жатқан теміржолшы күнделікті міндеті – станциядағы дөңестен вагондарды сұрыптап, реттеп, олардың бір-бірімен соғылмауын қадағалау.   

Ақылбек Жандарбекұлының бір салада табан аудармай осынша уақыт еңбек етіп келе жатқаны оның төзімді де қажырлы болмысын сипаттайды десек, қателеспейміз. Мінезі байсалды, біртоға жігіт ағасы өз жұмысын жақсы біледі, ешқашан шалағайлыққа жол берген емес.

Айта кетейік, Арыстағы дөңес паркінде вагондарды жөнелтетін 8 парк бар. Жұмыс уақытын осы дөңесте вагон құрамаларын сұрыптаумен өткізетін Ақылбек сонымен қатар, вагондардың жай-күйіне де, жолдың сапасына да қарайды, вагондардың санына қарай «башмак» қояды. Ақау тапса дер кезінде басшыларға жеткізіп, қауіптің алдын алуға ықпал етеді. «Жұмысым қиын емес деп айта алмаймын, қиындығы да бар, жауапкершілігі де жоғары, үйреніп қалған тірлігім болған соң қиындығы білінбейді. Жұбайым да, балам да темір жол саласында еңбек етеді. Балам – машинист. Осы теміржолдың арқасында әлеуметтік жағдайымыз жаман емес. Жыл сайын еңбек демалысына шығып, денсаулығымызды шыңдап, шипажайға барып тұрамыз. Жылы киім, сүт, отын-көмір уақтылы беріліп тұрады, – дейді теміржолшы жігіт.

Теміржолдың у-шуына да, ондағы қыз-қыз қайнаған тіршілікке де сіңісіп кеткені сонша, жыл сайын бір рет еңбек демалысына шыққан кезде бір ай сыртта жүріп жұмысын сағынады екен. «Қай жаққа барсам да үйге жеткенше асығамын. Пойызда отырып туған Арысымның төбесін көргенде қуанамын. Мен жалпы патриотпын, туған жерімді, елімді сүйемін, Тәуелсіздігіміздің бізге қандай күшпен келгенін білемін. Сондықтан тамшыдай болсын еліме қызмет етіп жатқаныма шүкіршілік етемін. Еліміз аман болсын, ең бастысы осы», – деп ағынан жарылды Ақылбек аға.     

Жансая СЫДЫҚБАЙ, Арыс – Шымкент 

Суретті түсірген автор


Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл