Еңбек қорғау мамандары Қызылорда жол дистанциясының теміржолшыларымен кездесті

Әлеумет
24.01.2019, 18:17

Қызылорда жол дистанциясының еңбек қорғау және техникалық қауіпсіздік бөлімі мамандары жол монтерлерінің хал-ахуалымен танысып, оларға қажеттінің ау-жайын білу үшін станция-бекеттердегі учаскелерді аралап, жұмысшылардың жағдайын көзбен көріп, кемшіліктерді дер кезінде түзетуді дәстүрге айналдырған.  

Биыл да осы дағдымен Қызылорда жол дистанциясының бас инженері Ақылбек Әбілдаев, мекеменің еңбек қорғау инженері Майра Бадрақова, кәсіподақ ұйымы төрайымы Ғалия Ноғайбаева және бөлім басшыларынан құралған жұмыс тобы Жалағаш, Тереңөзек, Белкөл, Қараөзек және Сұлутөбе станцияларындағы жолшы қауымымен кездесу өткізді.  

Кездесу барысында жол монтерлерінің білімі тексеріліп, олардың кәсіби міндетті атқару деңгейі сарапталды. Дистанция жолшылары еңбегінің қорғалуы, техникалық қауіпсіздікті меңгеруі бақыланса, олардың маусымдық киіммен қамтылуы, қорғаныс заттарымен қамтамасыз етілуі де көзден таса қалмады.

– Мекеменің шағын бекеттердегі учаскелерін аралап жүріп ондағы жұмысшылардың жағдайымен танысып, олардың кәсіби міндетіне жауапкершілігін бақыладық, техникалық білімін, біліктіліктерін тексеруден өткіздік. Жолшылардың жағдайы жақсы болса, жұмыс та өнімді болмақ. Сондықтан кездесу кезінде олардың ұсыныс пікірлерін де тыңдадық, қолдан келер өтініш-сұраныстарын шешуге күш салдық. Олардың жағдайлары жақсы, өз міндеттерін атқаруға еш кедергі жоқ екеніне толық көз жеткіздік, – дейді дистанцияның кәсіподақ ұйымы төрайымы Ғалия Ноғайбаева.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда 

Суреттерді түсірген автор


Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ «Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында тағы бір алтын медаль жеңіп алды
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында ҚТЖ алғашқы алтын медалді еншіледі
Аймақтар
07.08.2026
Арқалықта жаңғыртудан кейін теміржол вокзалы ашылып, жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды
Жаңалықтар
07.08.2026
«Нұрлы жол» вокзалында санитарлық үй-жайлар жаңартылуда
Аймақтар
07.08.2026
Кәсіби шыңдалу мектебі
Аймақтар
07.08.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбедегі вокзалдың құрылысын тексерді
Аймақтар
07.08.2026
Екпінді станциясында 800 метр жол жаңарды
Жаңалықтар
07.08.2026
Астана – 1 вокзалы заманауи, қауіпсіз және жайлы болады
Аймақтар
07.08.2026
Күзет қызметінің қырандары
Қауіпсіздік
07.08.2026
Қауіпсіздік талаптарын сақтау – міндет
Аймақтар
07.08.2026
Алпыс жылдық абыройлы жол
Жаңалықтар
07.08.2026
Кәсіподақ белсенділері марапатталды
Спорт
07.08.2026
Дойбышылар додасы
Жаңалықтар
07.08.2026
Темір жолдағы қауіпсіздік бойынша ҚТЖ акциясына 150 бала қатысты