«JAS QANATTAR» қанат қақты

Әлеумет
22.02.2019, 17:18

Астанада 21-22 ақпан күндері «Jas qanattar» жастар кәсіпкерлігі форумы өтті. Қазақстан жастарының күшін жеке бизнес ашуға жұмылдырып, сол арқылы жастар кәсіпкерлігін тұрақты даму деңгейіне шығаруды мақсат тұтқан республикалық шараға Қазақстан темір жолынан 10 жас қызметкер қатысты.  

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Адами ресурстарды басқару департаментінің бас менеджері Ақмарал Байғабылова бастап барған жастар қатарында Компания басқарма төрағасы жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңестің аймақтық өкілдері, атап айтқанда, Астанадан Гүлім Бейісбекова, Достық станциясынан Диас Байқонысов, Жамбылдан Дәулетбек Жолдасбаев, маңғыстаулық Қуатбек Көпбаев сынды жастар форумының үздіктері мен Қазақстан темір жолындағы «Жоба менеджменті», «Жас кәсіби маман» байқауларының жеңімпаздары болды.

Форум барысында кәсіпкерлікпен айналысатын жастар, жас бизнесмендер мәселесі талқыға түсті. Жиынға еліміздің 400-ге жуық жас кәсіпкері мен жеке кәсібін енді бастаушы жастар және спикер ретінде елімізге танымал тұлғалар қатысты. Мәселен, «Моңғол», «Тюльпан», «Айка» фильмдерінің продюсері Гүлнар Сарсенбаеваның бизнес пен шығармашылықты қалай ұштастыру туралы әңгімесі әсерлі болды.

Сонымен қатар, форумға Қазақстан іскер әйелдері ассоциациясы өкілдері мен өзге де қазақстандық танымал қоғам қайраткерлері, халықаралық сарапшылар, компания басшылары мен негізін қалаушылар және сенатор Дариға Назарбаева қатысты. Қонақтар жастармен кездесіп, тренингтер мен шеберлік кластарын өткізіп, сонымен қатар арнайы дайындалған, 35 табысты бизнес өкілдерінің портреті қойылған сурет көрмесін аралады. Форум бағдарламасы бірнеше тақырыптық дәрістер арқылы құрылған түрлі секциялардан тұрды. Атап айтқанда, бұл секцияларға «Кәсіпкерлікті дамыту үшін меторинг перспективалары», «Бизнеске арналған лайфхактар», «Жаңа технологиялар мен жаңа мүмкіндіктер», «Қазақстандық «Селф мейдтер» тарихы» деген тақырыптар арқау болды.

Осындай ауқымды шараның куәгері болған теміржолшы жастар атынан Диас Байқонысов өз әсерімен бөлісті.

– Форум кәсіпкерлікті дамыту әліппесін үйрету мектебі болды деуге болады. Мықты бизнесмендермен бетпе-бет кездесіп, әңгімесін тыңдадық, олардың өз істерін қалай бастағаны, қалай дамытқаны жайлы әңгімелері біз үшін өте әсерлі болды. «Көз қорқақ, қол батыр» екенін, яғни жеке бизнесіңді ашып, кәсіпкерлікпен айналысудың қиын емесін түсіндік, тек ынта мен ықылас болса, сосын әрине өз ісіңді таба білу. Мысалы, көп кәсіпкерлер өзінің сүйікті ісінің табысқа алып келгенін айтады. Бұл жерде менің түйгенім, адам өзі қалаған іспен айналысса ғана табысқа жетпек, – дейді жас теміржолшы.

Нұрай СӘРСЕНҒАЛИ 

Суретті түсірген автор


Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады