25.09.2026 — Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Вагон қараушы Әлима

Әлеумет
06.03.2019, 15:29

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Самұрық-Қазына» әл-ауқаты қоры» акционерлік қоғамы еліміздің түрлі саласында еңбек етіп жатқан бір топ нәзік жан иелерін төл мерекелерімен құттықтады. Олардың қатарында Маңғыстау вагон пайдалану депосына қарасты Жетібай станциясындағы Бақылау қосынының вагон қараушы-жөндеушісі Әлима Белосарова да бар.  

Әлиманың темір жол көлігінде жұмыс істеп жатқанына отыз сегіз жылдан асып отыр. Кәсіби-техникалық училищені станция кезекшісі мамандығы бойынша бітірген Әлима темір жол саласындағы еңбек жолын Батыс Қазақстан темір жолы 7-ші азаматтық құрылыстар дистанциясында су сорғы станциясының бірінші дәрежелі машинисі болып бастайды. Бұл қызметін сегіз жыл атқарып, кейін вагон депосына вагон жөндеу бойынша слесарь болып ауысады. Осы қызметте жүріп Әлима Белосарова вагонның құрылымымен жете танысады. Депо басшылығы кәсібін бес саусағындай меңгерген Әлиманы вагон жөндеуші-қараушы қызметіне ауыстырады.

– Әлима Тұрсынбайқызы 2004-2016 жылдар арасында Маңғыстау вагон пайдалану депосында 5-ші дәрежелі вагон қараушы-жөндеуші болып жұмыс істеді. Ал қазір Жетібай станциясында Бақылау қосынында вагон қараушы-жөндеуші болып қызмет етуде. Әлима өте жауапты, өз кәсібін жетік меңгерген білікті маман, мінезі ашық, қарапайым, турашыл, бірақ, артында зілі жоқ адам. Ол біздің депо бойынша вагон қараушы болып жұмыс істейтін жалғыз әйел. Нәзік жанды болғанына қарамастан күннің аптап ыстығы, жауын-шашынына қарамай, ерлермен тең дәрежеде қолына балғасын ұстап алып, ұзына шұбақ тұрған құрамдарды тоқылдатып, тексеріп шығады. Артық ауыз сөзі жоқ, тек жұмыс бабымен сөйлесетін Әлиманы әріптестері қадірлейді, құрмет тұтады, – дейді кейіпкеріміздің әріптесі аға вагон қараушы-жөндеуші Құтжан Демегенов.

Әріптесінің Әлиманы кәсіби маман деп мақтауының жөні бар. 2015 жылдың 25 тамызында №4351 пойызына техникалық қызмет көрсету барысында Әлима №75006189 вагонындағы №125757 бүйір рамасынан жарықшақ тауып алады. Бұл вагонды шығарушы зауытынан кеткен қателік және анықталуы қиын өте күрделі ақау болатын. Алайда, кәнігі маманың көзінен тереңдігі 9 мм, ал ұзындығы 15 мм жарықшақ таса қала алмады. Әлиманың қырағылығының арқасында болуы ықтимал апат оқиғасы мен салдары үлкен шығынға әкелетін жағдайдың алды алынды. Әлима Белосарова білікті маман болумен қатар қоғамдық жұмыстарға, депода өтетін түрлі жарыстарға белсенді қатысып, ортасына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап жүретін жан. Тіпті, ол жұмысынан бөлек үйінде мүгедектік алуына байланысты зейнетке шыққан жұбайына күтім жасау, ұл-қыздарын тәрбиелеп жеткізу сияқты үй тірліктеріне қарамастан рационализаторлық ұсыныстар жасап, өнертапқыштықпен де белсенді айналысып келеді. Оған кезінде өзімен бірге теміржолшы болып жұмыс істеген жұбайы Қабыл да қолдау білдіріп, ақыл-кеңесін айтып, көмектесіп тұрады. Адал жар, балаларына қамқор ана Әлима Тұрсынбайқызы «Күміс алқа» төсбелгісінің иегері.

Сұлугүл Бекенқызы


Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді