Жас отбасыларға үй беріледі

Әлеумет
06.03.2019, 15:33

 «ҚТЖ-ЖТ» АҚ «Қызылорда-ЖТ бөлімшесі» филиалының директоры, «Nur Otan» партиясы «Теміржол» филиалының төрағасы Аманкелді Арысбаев жергілікті теміржолшылармен кездесіп, партияның кезекті XVIІІ съезінен алған әсерімен бөлісті. 

«Nur Otan» партиясының «Теміржол» филиалының төрағасы Аманкелді Арысбаев Астанада Тәуелсіздік сарайында өткен партияның кезекті XVIІІ съезіне сырбойылық теміржолшылардан 3 делегат қатысқанын, ел тарихында таңбаланған маңызды оқиғаға куәгер болғандарын айтып өтіп, Президент жария еткен әлеуметтік бастамаларға, көпбалалы отбасының өміріне үлкен өзгеріс әкелетін батыл да нақты шешімдерге тоқталып өтіп, жаңа Үкіметке берілген нақты тапсырмалардың көпбалалы отбасыларды қолдауға бағытталып отырғанын жеткізді.

– Съезд жүктеген міндеттерді Қызылорда ЖТ бөлімшесі өз тарапынан орындауға дайын. Атап өту керек, Елбасы жүктеген міндеттерді қызылордалық теміржолшылар тиімді жүзеге асыруда. Мәселен, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жаңа үй құрылысы жұмысын аяқтап, осыған дейін Сексеуіл кентінен 16 жас отбасыға тұрғын үй берілді. Ағымдағы жылы жас отбасылар үшін тағы 20 үй берілуге дайын. Яғни, барлығын қосқанда 76 жас теміржолшыларды баспанамен қамтамасыз етеміз, – деді Аманкелді Арысбаев.

Сөз кезегін алған партия филалы төрағасының бірінші орынбасары Базара Танбаева да «партияның жергілікті бастауыш ұйымдары тұрғындардың күнделікті мәселерін шешуге белсене атсалысатын болады», – деген Елбасының сөзін жеткізіп, партияға жүктелген міндеттерге тоқталып, көпбалалы отбасылардың барлық мәселесі «бір терезе» арқылы шешілуі қажеттігін, қажетті құжаттарды жинау үшін мекемелердің арасында уақыт жоғалтпай, бюрократтық созбалауға салуға жол бермеу үшін партия өз көмегін беруге дайын екенін жеткізді.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда  


Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат