Тыңдаңыздар, құрметті жолаушылар...

Әлеумет
07.03.2019, 11:42

Үшінші мегаполис Шымкент қаласының бас қақпасы – теміржол вокзалынан күніне 15-16 мың адам өтеді. Вокзалға келіп-кетіп жүріп "Тыңдаңыздар, құрметті жолаушылар..." деп, пойыздардың келгені мен кеткенін хабарлап, басқа да ескертулер жасап жататын диктордың жағымды дауысы құлағымызда қалыпты.   

Міне, бүгін арнайы іздеп келдік, сол дауысы жағымды бикештің алдында атырмыз. Шолпан Юсупова алдымен Арыс қаласындағы теміржол колледжінде оқып, сосын 2009-2011 жылдары М.Тынышпаев атындағы Көлік және коммуникация академиясын теміржолдағы жол қозғалысын басқару мамандығы бойынша сырттай бітіріп шыққан екен.

2011 жылы Шымкент вокзалына анықтама беру бөлімінің кезекшісі болып жұмысына тұрады. Бір жылдан кейін вокзал бастығы кезекшісінің көмекшісі болып тағайындалады. «2014 жылы хабарлаушы-диктор болып ауыстым. Содан бері осы жерде еңбек етіп келемін. Мұнда күндізгі, түнгі ауысым 12 сағат кезекшілікпен атқарылады. Жұмысқа таңғы сағат 8:30 келеміз. Кешкі сағат 9-ға дейін күндізгі пойыздардың келу-кету ретін хабарлап отырамыз, қандай да бір өзгерістер болса немесе пойыз кешіксе, жолаушыларды құлақтандырып отырамыз. Бұдан бөлек, теміржолдың қауіпті жер екендігін жолаушыларға ұдайы ескертеміз. Адамдар пойызға мініп-түсіп жатады, заттарын ұмыт қалдыратындары бар. Сондай кездерде жолаушылар келіп өтініп айтып жатады. Ауысым басшысы қалай бұйрық береді, солай хабарлама жүргізіп отырамыз», – дейді күнделікті атқарып отырған жұмысына шолу жасаған Шолпан.

Шымкент вокзалынан күніне 20-25 пойыз өтеді. Станция кезекшісі, диспетчерлер, операторлар пойыздың келген-кеткенін телефон арқылы хабарлап отырады, ал дикторлар оны халыққа микрофон арқылы жеткізеді. Вокзалдағы теміржолдан жолаушылар пойызынан бөлек жүк пойызы, кейде маневр пойызы, дрезиналар, тепловоздар да өтеді. Осындай сәттерде вокзал дикторы жолаушыларға техникалық сақтандыру, қауіпсіздік, заттарын ұмыт қалдырып кетпеу, касса мен анықтаманың қай жақта екендігін, басқа да қосымша хабарламаларды қазақ-орыс тілінде бірдей жеткізеді.

«Жұмыс қиын емес пе? Түнімен отыру деген әйел адамға қалай болады?» деген

сауалымызға «жоға, үйреніп калғам» деп жауап берді.

– Екі күн істеп, екі күн демаламыз. Вокзал – халықпен тікелей жұмыс жасайтын орын, сондықтан да халықпен жұмыс істеу, әрине, оңай емес, кейде пойыз кешігіп келеді деп хабарласаң да «неге кешігеді, себебін айт, неге сендер білмейсіңдер» деп айғай-шу көтеретін адамдар кездесіп жатады. Барлық жұмыстың өз қиындығы мен қызығы, ерекшелігі бар, оңай жерде нан жоқ, – дейді өмір тәжірибесіне сүйенген маман.

Осыдан біраз жыл бұрын перронда кішкентай 5-6 жастағы бала қалып кетіпті. Қасында ата-анасы жоқ, қайда барарын білмей жылап тұрған баланы бүкіл вокзал ұжымы болып жүріп зорға жұбатып, кезекші мен полицейлер ата-анасын іздеп, әлек болады. Сөйтсе, күтіп алған адамдар бір-бірін жетектеп таксиге мініп кете барған. Бір уақытта естеріне түсіп, қараса, бала жоқ, вокзалға қайта кері оралады ғой. «Келіп баланы алып кетті. Бала – ол зат емес, сөмке емес, қалай ұмытып кетті деп менің қатты таңырқағаным есімде» деп еске алды «қандай тосын оқиғаға куә болдың» деген сауалымызға орай.

Шолпанмен қоштасып сыртқа шыққанымызда қою қараңғылық түскен еді. Самаладай шамдары жарқыраған вокзалдан ұзай бере «Тыңдаңыздар, құрметті жолаушылар...» деген диктордың құлаққа жағымды қоңыр даусын естідік...

Жансая СЫДЫҚБАЙ, Шымкент 

Суретті түсірген автор  


Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат