Жемістің жемісті жылдары

Әлеумет
07.03.2019, 12:17

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші, Жеміс те ата-анасы секілді темір жолды жағалап, жол жөндеуші болып еңбек жолын бастағаны күні кеше секілді еді. Әкесі Жауынбай Көптілеуов пен анасы Сұлушаш та Атырау жол дистанциясында Жамансор–Сағыз аралығында жол жөндеуші болып жасаған. Олардың қызы Жеміс теміржолшылар династиясын жалғастырып, осы жолға бет бұрса, несі айып? 

Міне, 30 жылға жуықтапты, табан аудармай Мұқыр станциясында еңбек етіп келе жатыр. Жол жөндеуші болу әйел адамға оңай емес: қыстың қытымыр аязында, жаздың аптап ыстығында аңызақ далада жүріп жұмыс істеу – жігіттің жігітіне сын. Қолына қайласы мен күрегін ұстап ер азаматтармен қатар жол жөндеп, қар күреген талай жыл артта қалды. Бұрын қазіргідей мердігер деген жоқ, бәрін теміржолшылар өздері жасайтын. Әйел-еркек деп бөлінбей шпалды да өздері тасиды, өздері рельс көтереді, қиыршық тас, құм тасиды дегендей. Жаяу жол кезіп, бұзылған шпалдарды түзетеді, ауыстырады. Осы жұмыстарды Жеміс те бір кісідей-ақ жасады, жасап та келеді. «Сол кезде 20-ақ жаста екем, талдырмаш қана қыз едім. Басында қиындау болды, келе-келе үйрендік. Ер адамдармен теңдей жұмыс жасадық. Ал үйде әйел боп тамақ пісіреміз, үй шаруасын жасаймыз, бала бағамыз. Бәріне үлгердік қой», – дейді бүгінде 6 баланың анасы, «Күміс алқа» иегері Жеміс Жауынбайқызы.

2013 жылы оны дистанция басшылығы Мұқыр станциясындағы өткел кезекшісі етіп ауыстырды. «Өткел қолмен атқарылады, жолаушы және жүк пойыздары жүргенде жолды жабамыз. Бүкіл республикалық және халықаралық пойыздар да станция арқылы өтеді. Сондықтан қауіпсіздікке көңіл бөлу аса маңызды» дейді ол.  

Жолдасы Уәли Қали да темір жол күзетінде жұмыста. Кейде ерлі-зайыпты екеуі де үйде болмай, жұмысқа ауысымға бір кезде шығып кетеді. Сондықтан үйде қалған балалар бір-біріне қарасып өсті, бүгінде, шүкір, ұлдың алды ер жетіп, отау құрған, қыз тұрмыста. Уәли мен Жеміс – немере-жиен сүйіп отырған бақытты ата-ана.    

Қосұйым Мұқашев, Атырау   


Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат