25.09.2026 — Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Ардагер теміржолшыны зейнетке шығарып салды

Әлеумет
17.04.2019, 09:56

«ҚТЖ» ҰК»АҚ Техникалық саясат және реттеу департаментінің НИОКР және метрология бойынша үйлестіру бөлімінің бас менеджері Есентұр Сайрамбаевты зейнетке шығарып салу салтанатына департамент басшылығы және ұжымымен қоса Компанияның бас инженері – басқарушы директоры Батыр Котырев қатысты. 

– «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығы сіздің көп жылғы адал еңбегіңізге шын жүректен алғыс айтады. Қарапайым машинист көмекшісінен Компанияның метрологиялық қызметінің басшысына дейін көтерілген сіздің темір жол көлігі саласында жүріп өткен жолыңыз өнегелі. Компанияның тиімді техникалық саясатының қалыптасуында және темір жол саласының дамуында сіздің көп жылдар бойы жинаған тәжірибеңіз бен қолтаңбаңыз жатыр. Сіз темір жол көлігі саласы бойынша Кедендік одақтың Техникалық регламенттеріне саланы кіргізуге дайындауда Компания жұмысына, халықаралық, мемлекетаралық және ұлттық стандарттау жұмыстарына белсене араластыңыз. Жас теміржолшы буынына қашан да үлгі-өнеге бола білдіңіз. Сіздің жоғары кәсібилігіңіз, ұшан-теңіз білім-біліктілігіңіз және жұмысқа деген жауапкершілігіңіз өз мамандығыңызға деген адалдық пен үлкен махаббаттың жарқын белгісі! Біз сіздің осынау көп жылғы еңбегіңізге алғысымызды білдіре отырып, зор денсаулық, шаңырағыңызға шаттық тілейміз! – деп ақжарма тілегін білдірді бас инженер.

Есентұр Махамбетұлына Техникалық саясат департаментінің директоры Талғат Қанатбаев та ізгі тілегін білдіріп, кейіпкеріміздің метрология саласындағы еңбектері ерен екенін айрықша атап өтті.

... Есентұр Сайрамбаев еңбек жолын 1973 жылы Алматы темір жолына қарасты Арыс станциясындағы тепловоз депосында слесарь-дизельші болып бастаған екен. Кейін тепловоз машинистері мен олардың көмекшілерін дайындайтын техникалық мектепті бітіріп, машинист көмекшісі болып еңбек етіпті. Жылдар өте жоғары білім алып, техникалық реттеу және метрология саласында тер төгіп, әртүрлі қызметтік сатыларда тәжірибе жинақтайды.

2016 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «ҚТЖ» ҰК»АҚ Техникалық орталықтың НИОКР және метрология бойынша үйлестіру бөлімін басқарды. Есентұр Махамбетұлының еңбегі басшылық назарынан тыс қалған емес.

«ҚТЖ» ҰК»АҚ басшылығынан алған атаулы сағат, төсбелгілер мен мақтау грамоталары кейіпкеріміздің көп жылғы еңбегіне көрсетілген сыйқұрмет болса керек. Бүгін де ардагер теміржолшы құрметіне ұжым болып жиналып, еңбек демалысына сый-сыяпатпен құрметтеп шығарып салды.

«Мен толқып та әрі қуанып та тұрмын. Компания басшылығына, ұжымыма мені сыйлап, еңбегімді бағалап келіп құрмет көрсетіп жатқандарыңызға үлкен алғысымды білдіремін. Баршаңызға мол бақыт тілеймін, отбасыларыңызда жылу мен мейірім үзілмесін, еліміз тыныш, аспанымыз ашық болсын!» деп сөзін түйіндеді зейнеткерлер қатарын толықтырған теміржолшы Есентұр Сайрамбаев.

Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді