Тарлан теміржолшы – 75 жаста

Әлеумет
17.04.2019, 13:10

Құрметті теміржолшы, Жамбыл облысының және Тараз қаласының Құрметті азаматы, «Барыс» орденінің иегері Сағымбек Ақшаловты отандық теміржолшылар түгел таниды десем асыра айтпаған болармын. Ғұмырының жарты ғасырын осы салаға арнаған тарлан теміржолшы 75 жасқа толып отыр. 

Қазыналы қарияға айналған ардагер теміржолшы аға келбетін көргенде, жаныңа жақын адамға жүрегің жылып, оның әлі күнге дейін саптан түспей келе жатқан қажыр-қайраты мен шексіз білімі еріксіз қайран қалдырады. 75 жасқа толып отырған Сағымбек Әділбекұлы бүгінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалы – Жамбыл ЖТ бөлімшесі ардагерлер кеңесінің төрағасы. Саналы ғұмырының ширек ғасырын болат жолға арнаған еңбек майталманы уақытында иық тіресе еңбек еткен әріптестері, бүгінде көнекөз ақсақалдармен, сала ардагерлерімен біте қайнаса жұмыс істеп отыр. Теміржолшылардың ардагерлер кеңесі аймақтағы ең іргелі, үш мыңнан аса ардагері бар үлгілі ұйым. Осы бір орта бойлы, сөзі мен ісі мығым, ойындағысын кесіп айтатын қазыналы қарияның ғибратты әңгімесін тыңдаудың өзі бір ғанибет дер едім. Қарапайым, азаматтық болмысы биік, жүзі жарқын ағамен осы жылдар аралығында бірнеше рет сұхбаттас болдым.

– Мен қарапайым теміржолшының ұлымын. Және оны әрдайым мақтан етемін. Әкем Әділбек Түркісіб құрылысына қатысқан. Болат жолда от жағушы, машинист көмекшісі, паровоз машинисі болды. Мен әкемнің көптен күткен ұлы екенмін. Қатира, Қапуза, Жамила әпкелерімнен кейін дүниеге келіппін. Өкініштісі мен бір жасқа жетер-жетпестен әкем дүниеден өтіп, бейнесі жадымда қалмағанымен, анамның әкем жөніндегі әңгімелерін естіп өстім. Анам Күләйдің жесірлік өмірі осылай басталып, төрт баласын азамат етіп өсіріп-жетілдіру үшін ұзақ жылға созылған бейнетті ғұмыр кешті. Сондықтан анама мәңгі қарыздармын, – деді бірде Сағымбек аға.

Осы жылдар аралығында болат жолдың нағыз майталманына айналған Сағымбек Ақшаловтың тек өзіне тән теміржолға қатысты «Ақшаловтың афоризмдері...» қалыптасты, «Ақшаловтың шекпеніне шыққан» шәкірттер буыны өрбіді. Бүгінде Ақшалов мектебінен шыққандар еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек көрігін қыздырып жүр. Жоғарыда атап кеткендей Теміржолшылар әулетінің сабақтастығы үзілген жоқ. Сағымбек Әділбекұлының ұлы Берік Ақшалов қазір «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалы - Жамбыл ЖТ бөлімшесінің директоры, Тараз қалалық мәслихатының депутаты. Әке жолын жалғаған ұл.

– Елбасының бастамасымен биыл Жастар жылы болып жариялануы мені қуантып отыр. Өйткені, аға буын мен жастар арасындағы байланыс үзілмеу керек. Біз жастарға өнегеміз бен тәжірибемізді айтып отыруымыз парыз. Бұл өндірістің қай саласында болмасын керек дүние. Бүгінгі күні ЖТ-Жамбыл бөлімшесінде жастарды ынталандыру жақсы жолға қойылған. Жас мамандардың арасында тұрақты түрде байқаулар ұйымдастырылып, жеңімпаздар демеушілердің арқасында бұған дейін Түркия және Египет елдерінде демалып келді. Ағымдағы жылы бұл дәстүр ерекше қолға алынып отыр.

Сонымен қатар облыс орталығындағы №13 Тараз темір жол колледжінің үздік студенттеріне Жамбылдан шыққан атақты теміржолшы Байзақ Пірманов атындағы стипендия тағайындалып, оған талпынған жастардың белсенділігі мен оқудағы жақсы көрсеткіштері бізді қуантып отыр. Бұдан өзге ұлттық компанияның корпоративті жастар саясатын жүзеге асырудағы 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы аясында жыл сайын жаңа форматта «Болашақ басқарушылар» және «Жоба менеджменті» тақырыбында форумдар ұйымдастырылып келеді. Ол шараға бір ғана Жамбыл бөлімшесінен 300-ге жуық жастың қатысатындығын ескерсек, олардың арасында қаншама көшбасшы жастардың анықталатындығына көз жеткізе беріңіз,– дейді Жастар жылындағы бастамаларға қуанған ардагер теміржолшы. Барша жамбылдықтардың абыройлы ақсақақалына айналған Сағымбек Ақшаловты мерейтойымен құттықтағандар қатарында теміржолшылар қауымы көп екені айтпаса да түсінікті. Болмысы қарапайым қария 75 жасын отбасында, ұлқызы мен немерелерінің ортасында атап өтті...

Ерман ӘБДИЕВ, журналист 

Жаңалықтар / Мұрағат
16.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №46 16 маусым 2026 жыл
Әлемде
15.06.2026
Биыл «Қытай-Орталық Азия» бағытында 15 мыңнан астам пойыз жөнелтілген
Қауіпсіздік
15.06.2026
Қозғалыс қауіпсіздігін бұзу дерегі азайған
Аймақтар
15.06.2026
Жүк пойызының машинистері апаттың алдын алды
Инфрақұрылым
15.06.2026
Кабул дәлізінің құрылысы қақтығыстарға қарамастан жүргізіледі
Жаңалықтар
14.06.2026
ҚТЖ еріктілері балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін бірегей теміржол мегамузейіне саяхат ұйымдастырды
Жаңалықтар
14.06.2026
Azerbaijan-Kazakhstan Sea Cable System жобасының жаңа кезеңі
Жаңалықтар
13.06.2026
Астанада Қазақстан темір жолдары тарихының мұражайы ашылды
Жаңалықтар
12.06.2026
Абай облысында қайта жаңартудан кейін Ауыл және Белағаш станцияларының вокзалдары ашылды
Жүк тасымалы
12.06.2026
Астық және ұн экспорты 13%-ға өсті
Әлеумет
12.06.2026
ҚТЖ теміржолшылардың әлеуметтік пакетін жақсартты
Аймақтар
12.06.2026
Жамбыл теміржолында табыс та, тасымал да еселенді
Аймақтар
12.06.2026
Қырағы вагон қараушы апаттың алдын алды
Инфрақұрылым
12.06.2026
Күрделі жөндеуді межелеп қалды
Аймақтар
12.06.2026
Шымкентте теміржолшы өнертапқыштардың қатары артып келеді
Аймақтар
12.06.2026
Жаңа көшеге майдангер әрі теміржолшы Өтеубай Ордабайұлының есімі берілді
Спорт
12.06.2026
Ақтөбеде бильярдтан үздік теміржолшылар анықталуда
Жаңалықтар
12.06.2026
Талғат Алдыбергенов еңбек ұжымына үндеу жолдады
Жаңалықтар / Мұрағат
12.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №45 12 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
11.06.2026
Астанадағы C5+1 диалогында Транскаспий дәлізін дамыту мәселелері талқыланды