Ғашықтар күнінде сөз байласты

Әлеумет
18.04.2019, 14:13

15 сәуір – елімізде ғашықтар, яғни «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» күні ретінде атап өту үрдісі қалыптасуда. Күні кеше осы мереке күні теміржолшылар қатарындағы тағы бір жұп мәңгі бірге болуға сөз байласты.

«Нұрлы жол» теміржол вокзалы кешенінің қызметкері Әділбек осы күні әріптесі Таңшолпанға вокзалдың күту залында дүйім жұрттың алдында салтанатты түрде сөз салды. Қолдарына қызыл шар ұстап, жүрек бейнесінде тізбек құрған жігіттерден – Әділбектің әріптестері оның қадамына қолдау білдірді. Өз махаббатын білдіруге осы ерекше күнді таңдаған Әділбек болашақ жарына «менің жарым бол!» деп әдемі жүзік пен оттай жанған гүл шоғын ұсынды. Жігіттің мұндай тосынсыйын қуана да қобалжи қабылдаған Таңшолпан, әрине келісімін беріп, ұсынысты қабыл алды. Алла қаласа, керемет жұп үйлену тойларын жазда өткізуді жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде олардың ата-аналары бір-бірімен танысып, тойға дайындықты бастап кетіпті. Жалпы заманауи келбеттегі жаңа вокзалда өз жұбын осы жерден тауып, үйде де, түзде де бірге жүрген теміржолшы жастар көп.

Жаңа вокзалға келетін-кететін пойыздарды хабарлаушы диктор Таңшолпан мен вокзал кезекшісі Әділбек кешен ашылған 2017 жылдан бері осында қызмет етіп келеді. Тараздың қызы Таңшолпан алғаш жұмысқа келгенде диктор болу туралы ойламапты, бойында өнері тұнған қызға басшылық бір мәтінді оқып беруді сұраған. Даусы ерекше болғандықтан осы қызметке бекітіліпті. Содан бері ол вокзалға күніне келетін 17 пойыздың әрқайсысына 5 хабарландырудан 3 тілде хабарлап айтып отырады.

– Үш тілді де жақсы меңгергенмін. Бірақ шетел тілдерінен түрік тілін өте жақсы білемін. Жалпы Әділбек екеуміз де бакалавр, магистр дәрежесін алған маманбыз. Екі жыл бұрын осы вокзалда алғаш еңбек жолымызды бастап, танысып, білісіп, артынан достығымыз махаббатқа ұласты. Әділбектің маған ең бірінші кезекте адалдығы, тік мінезі, уәдеге тұратын мәрттігі мен балажандығы ұнайды, – дейді Таңшолпан қуанышын жасыра алмай.

Ақтөбенің тумасы Әділбек орталық зал кезекшісі. Алған бетінен қайтпайтын азамат Таңшолпанның бойынан болашақ жарына тән қасиеттерді байқап, оған көңілін білдір ген. Бастапқыда қыз иіле қоймаса да, алған бетінен қайтпай махаббатының берік екенін дәлелдепті.

«Адам өмірінде екі нәрседен қателеспеуі керек, бірі – мамандық таңдауда, екіншісі – жар таңдауда» деген сөз бар. Осы тұрғыда барлық жағынан жолымыз болды деп санайтын жастар, жас отбасылар «Нұрлы жол» вокзалында аз емес. Олардың алды қазір бірнеше баланың ата-анасы, енді жас отбасылар қатарына әдемі жарасқан жұп Таңшолпан мен Әділбек қосылғалы тұр...

Райхан РАХМЕТОВА 

Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ «Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында тағы бір алтын медаль жеңіп алды
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында ҚТЖ алғашқы алтын медалді еншіледі
Аймақтар
07.08.2026
Арқалықта жаңғыртудан кейін теміржол вокзалы ашылып, жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды
Жаңалықтар
07.08.2026
«Нұрлы жол» вокзалында санитарлық үй-жайлар жаңартылуда
Аймақтар
07.08.2026
Кәсіби шыңдалу мектебі
Аймақтар
07.08.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбедегі вокзалдың құрылысын тексерді
Аймақтар
07.08.2026
Екпінді станциясында 800 метр жол жаңарды
Жаңалықтар
07.08.2026
Астана – 1 вокзалы заманауи, қауіпсіз және жайлы болады
Аймақтар
07.08.2026
Күзет қызметінің қырандары
Қауіпсіздік
07.08.2026
Қауіпсіздік талаптарын сақтау – міндет
Аймақтар
07.08.2026
Алпыс жылдық абыройлы жол
Жаңалықтар
07.08.2026
Кәсіподақ белсенділері марапатталды
Спорт
07.08.2026
Дойбышылар додасы
Жаңалықтар
07.08.2026
Темір жолдағы қауіпсіздік бойынша ҚТЖ акциясына 150 бала қатысты