25.09.2026 — Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Қариялы ел - қазыналы

Әлеумет
22.04.2019, 15:50

Маңғыстау ЖТ бөлімшесі бойынша аймақтық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амандық Алдабергеннің 2018 жылғы атқарылған жұмыстар жөнінде есеп беру, ардагерлер кеңесінің мүшелерін және төрағасын сайлау жиыны өтті.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе – өткен жылы атқарылған жұмыстар жайы. Амандық Алдабергеннің мәліметіне сүйенсек, аймақ бойынша теміржол мекемелеріне 2018 жылғы тіркелген зейнеткерлердің саны 919 адамға жетіп, 2017 жылмен салыстырғанда 139 адамға көбейіпті. Бұл НОД-14 теміржол бөлімшесіне қарасты теміржол телімінің бұрынғы 814 шақырымнан 1349 шақырымға көбейіп, (Өзен-Түрікменстан, Бейнеу-Шалқар, Ерсай-Құрық жолдары қосылып), сол жолда еңбек ететін қызметкерлер мен жұмысшылар есебінен өсуі болса, екінші жағынан зейнеткерлердің өмір сүру жастарының ұзара түсуі болып отыр екен. Мысалы, ҰОС ардагері Жетібай станциясында тұратын Күбір Тілешов 93 жаста. Тыл ардагерлері Оразбай Өмірзақов, Жұмажан Сүйіндіков және Тойжан Ахметова 90 жасқа толып отыр. Таратып айтсақ, зейнеткерлер қатарында 90 жастан асқан 8 қария, 80-90 жас аралығындағы 98 адам, 70-80 жас аралығында 246, тіпті 70 жасқа дейін 566 адам бар екен. Теміржолшылардың еңбек шартына байланысты жұмыс жасамайтын зейнеткерлерге арнайы жеңілдіктер мен көмектер дер кезінде көрсетіліп келеді екен. Қариялардың мерей жасқа толу салтанатына орай арнайы құттықтау адресаттарын табыс ету дәстүрге айналған.

– Сондықтан, түбекте көп жасаған қариялар тұрады деп мақтаныш ете міз. Сонымен қатар, тағдырдың жазуымен біреу ерте, біреу кеш келіп, сонау 60-шы жылдары түбекке теміржол тартылғанда алғашқылар қатарында теміржолдың өркендеуіне атсалысқан қарттар қатары да сиреп барады. Өткен жылдың өзінде Қамқа Көктеубаева (ШЧ-10), Құрамбай Қашақов (УПЧ13), Қойшыбай Нұрмамедов (ТЧЭ6), Жұмабек Якупбаев (ВЧД-33), Сәрсенбай Нұрмамедов (ВЧД-33) сынды ардагерлеріміз дүниеден озды. Біздің кеңес мүшелері бас болып, олардың жерлеу рәсімдеріне қатысып, құран бағыштадық. Енді биылғы жылғы атқаратын игі жобаларымызды айтсақ, болашақта теміржол мұражайына тарихи естелік болар, ардагер кеңсесіндегі екі стендке үшінші тарихи маңызы бар фотошежіре жасап ілсек дейміз. Теміржол мұражайының ашылуына «Ардагерлер» бұрышын жасасақ дейміз. «Құрметті ардагер теміржолшы» арнайы белгі медальонын жасап, 80-90 жасқа жеткен қарттарымызды марапаттауды қолға алсақ дейміз, – дейді Амандық Алдаберген.

Жиын соңында Ардагерлер кеңесінің жұмысына қанағаттанарлық деп баға беріліп, кеңес құрамы 9 адам болып бекітілді. Қорытындысында ашық дауыспен ардагер теміржолшы Амандық Алдаберген Кеңес төрағасы болып қайта сайланды.

Әсел ТАҢАТАРОВА

Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді