25.09.2026 — Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Қауіп-қатер уақыт таңдамайды

Әлеумет
30.04.2019, 14:11

Қозғалысы күндіз-түні бір толас таппайтын темір жолда қатердің уақыт таңдамайтыны анық. Жуырда Мыңарал станциясы маңында болған қайғылы оқиға темір жолдың қауіптілігі жоғары аумақ екенін кезекті мәрте елдің есіне салғандай болды. 

Мыңаралдан Шуға жолға шыққан жүк пойызы тұтқиылдан жүгіріп шығып, жолды кесіп өтпек болған баланы қағып өтеді... Оқиға қалай өрбігенін локомотив бригадасы айтып берді. Шу станциясына бағыт алған №2832 жүк пойызын жүргізіп келе жатқан машинист В.Фомин мен оның көмекшісі Н.Жақаев жасыл бағдаршам жанып тұрған екінші жолмен жылдамдықты арттырып келе жатқан. Кенет олар 50-60 метрдей жерден іргелес 6-шы жолда тоқтап тұрған вагондардың астынан адамның жүгіріп шыққанын байқайды. Сол заматта-ақ олар тежегішті шұғыл басып, пойызды тоқтатудың барлық шараларын жасайды. Бірақ, салмағы жер қайыстырып жүйіткіп келе жатқан пойыздың оған оңайлықпен көнбесі белгілі. 350 метрдей аралықты сырғанап барып тоқтаған пойыз түн қатып қауіпті аумақта жүрген адамды қағып өтеді.

Электровоз тізгініндегілердің айтуынша, марқұм екінші жолға жүгіріп шығып, ортасында қатып тұрып қалған. Кейін қайтадан артқа шегінем деген әрекеті тым кеш болыпты. 

Ауыр жарақат алған ол сол жерде-ақ жан тапсырған. Кейін анықтай келе, ол Мыңарал станциясының 2006 жылы туған тұрғыны болып шықты. Мүшел жасқа қараған жасөспірімнің түнде қауіпті аймақта не мақсатпен жүргенін ешкім білмейді. 

Оқыс оқиға бойынша Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі директорының бірінші орынбасары Ү.Рысбековтің төрағалығымен арнайы комиссия құрылып, тиісті тексерулер жүргізілді. 

Ал қайғылы жағдайға қатысы бар пойыз Сарышаған станциясында мамандардың комиссиялық тексерісінен өтіп, пойыз құрамына жегілген ВЛ80-С электровозы техникалық жарамды, нормативтік құжаттардың талапқа сай екені анықталыпты. Балаларынан айырылып, қайғы жұтқан ата-ана оның түн уағында мұнда не істеп жүргенін нақты айта алмай, станциялықтарға немесе машинистерге еш кінә тақпайтындарын жазып беріпті. Марқұмның әкесі теміржолшы екен, ал анасы үйдің шаруасындағы адам. Әкесі сол түні кезекшілікте болған, анасы баласының үйден шығып кеткенінен хабарсыз. 

Осы оқиғаға қатысты өткен шұғыл кеңесте Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі директорының бірінші орынбасары Ү.Рысбеков Мыңарал станциясы мен бөлімшеге қарасты барлық станция басшыларына күн құрғатпай мектеп оқушыларымен, елді мекен тұрғындарымен кездесіп, қауіпсіздік ережелерін барынша түсіндіруді тағы да тапсырды.

Осы оқиғадан соң Мыңарал станциясының басшысы Е.Құтжанов мамандарын жинап, ауылдағы Қ.Қасымов атындағы №41 орта мектепте үлкен жиын өткізді. Онда мектеп директорынан бастап мұғалімдер мен оқушылар түгел қатысқан. Сөз сөйлеген мамандардың бәрі теміржолдың қауіптілігіне қатысты көп жайтты түсіндіріп берсе, темір жолдағы полиция бөлімі қызметкерлері түнгі 22.00-ден кейін балаларға ата-анасыз темір жол аумағында жүруге болмайтынын қаперлеріне салды. 

– Көптеген ата-ананың балалары үйден шығып кетіп түнге дейін жоқ болса да алаңсыз отыра беретіндері қайран қалдырады. Балалардың темір жолдың бойында қараусыз жүруі кез келген сәтте қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін екенін үлкендер есінен шығармауы тиіс. Тіпті, жасөспірімдердің темір жолдың бойында, станция аумағында қараусыз жүргені үшін ата-анасы әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады, – деді Мыңарал станциясының басшысы Е.Құтжанов. 

Жалпы, жыл басынан бері Мыңарал станциясы басшылығы мұндай бес жиын өткізіпті. Онда темір жолда себепсіз жүру мен мал айдап өтудің және малды қараусыз жібере салудың салдарынан келетін келеңсіздіктер айтылып, тұрғындарға қауіпсіз-дік, сақтық шаралары барынша түсіндірілуде екен.

Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді