Жолың болсын, Диас!

Әлеумет
01.04.2019, 11:54

Алматы ЖТ бөлімшесінің теміржолшы жастары Диасты жақсы таниды. Ерекше статусқа ие шекаралық Достық станциясының жас маманы кез келген ортада өзінің алғырлығымен, креативті көзқарасымен ерекшеленеді. Өнертапқыштық – оның көп қырының бірі.

Қазіргі жаңа буын теміржолшы үшін тек жоғарғы оқу орнын бітіріп, инженер мамандығын алу жеткіліксіз. Бүгінгі теміржол көлігінің маманы талдау жасай алатын, үлкен көлемдегі ақпаратты қабылдауға қабілетті, ең бастысы өз ісіне берілген кәсіби маман болуы тиіс. Міне, Диастың ұстанымы осы. Жас жігіттің бойынан осынау қасиеттің бәрі табылады.

Әріптестері оны кәсіпорынның «ми орталығы» деп текке атамаса керек. Соңғы үш жылда 22 рационализаторлық ұсыныстың авторы және қосалқы авторы болған жас маман жұмыстан тыс уақытының бәрін осы өнертабысқа арнайтынын жасырмайды. Өндіріске пайдалы ұсыныс іздеп оны әзірлейді, тексереді және енгізеді, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету, жүк және жолаушылар вагондарының бөлшектері мен тораптарын жөндеу бойынша нормативтік құжаттарға сәйкес технологиялық үдерістерді түзетеді.

Жақында Диас бастаған бірнеше озық ойлы жас инженерлер «Бағыттамалы бұрмалар», «Ажыратқыш айыр үшін стеллаж» оқыту макетін және пойыз қозғалысының қауіпсіздігін жақсартуға бағытталған бірқатар шешімдер әзірледі. Жалпы Диастың техникаға деген қызығушылығы бала кезінен басталған. Кез келген механизмнің құрылғысын ашып көру оған әрдайым қызық болыпты. Бірінші қатарда ойыншық машиналар, кейінірек велосипедтер, мопедтер және кез келген конструкциядағы техниканы жинау – оның сүйікті хоббиі болғанын жасырмайды. Сондықтан мектеп біріген соң ойланбай М.Тынышпаев атындағы көлік және коммуникация академиясының «Көлік, көліктік техника» факультетін «Вагондар» мамандығы бойынша оқып бітірді. Жолдама бойынша Достық станциясына келіп еңбек етіп жатқанына да бірнеше жыл. Еңбек жолын вагон қараушы болып бастап, кейін вагон паркінің сақталуы бойынша инспектор, инженер-технолог болды.

Сосын Диас қозғалыс саласының мамандығын меңгере бастады, пойыз құрастырушы болып жұмыс істеді, сосын станция кезекшісі болып ауысты. Ол – «ҚТЖ» ҰК» АҚ республикалық жастар форумының қатысушысы, жастардың аймақтық өкілі, 2016 жылы «Жас инженер-2016» аталымы бойынша арнайы дипломмен марапатталса, 2017 жылы жастар форумында «Жас теміржолшылар отбасы» сайысының жүлдегері болды. Ал былтыр «Қозғалыс шаруашылығының жас маманы» сайысының жеңімпазы атанды. Станцияның қоғамдық жұмыстарына белсенді қатысып, кез келген бұқаралық мерекелердің ұйымдастырушысы болып жүретін жасты бүкіл станциялықтар мақтан тұтады. Міне, өткен аптада басшылықтың шешімімен Диас Байғонысовтың қызметі өсіп, Алматы ЖТ бөлімшесіне қауіпсіздік бөлімінің маманы болып ауысты. Әрине, жігерлі жас жігітке бір орында тұрып қалмай өсу, өзін өзі дамыту қажет.

Дегенмен, Достық станциясының ұжымы, талай жыл шекара төсіндегі табиғаты қатал осынау бекетте бірге еңбек етіп, қызықты да қиындықты да бастан кешкен дос-жарандары, жолдастары оны қимай шығарып салды. «Жолың болсын, Диас! Ақ жол!» деп оның алдағы еңбегіне табыс тіледі. 

Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат