25.09.2026 — Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Түркістан қаласында спорттық-бұқаралық жарыс өтті

Әлеумет
02.05.2019, 11:21

Өткен демалыс күні Түркістан қаласындағы «Нұр» спорт кешенінде Шымкент ЖТ бөлімшесінің жұмысшылары арасында спорттық-бұқаралық жарыс өтті. Жарысқа аймақтағы салалық кәсіпорындардан жасақталған 6 команда қатысты.

Олар Арыс станциясы, ТЧЭ-33, «ӘТЖК» АҚ, «ҚТЖ Экспресс» АҚ – ҚТЖЕ «Оңтүстік», НЖС-9 Түркістан станциясы мен вокзалы, «Транстелеком» командалары. Жарыс мини-футболдан, үстел теннисінен, шахматтан болды. Айта кету керек, кешенде спорттық жарыстың барлық түрін өткізуге қолайлы жағдай жасалған.

Сонымен, шахмат ойынын сарапқа салса, әйелдер арасынан 1-2-орынды Түркістан станциясынан Дана Темірбекова мен Әйгерім Қасымбекова иеленсе, 3-орынды локомотив пайдалану депосынан (ТЧЭ-33) Айнұр Қасымбекова жеңіп алды.

Ерлер арасында 1-орынды сол депоның жөндеу бөлімінің бастығы, шахматтан тұрақты қатысушы, спорт ардагері Нұрлан Сыздықов алса, 2-орынды Түркістан вокзалының шебері Қаныбек Омаров, ал 3-орынды «ҚТЖ Экспресс» АҚ – ҚТЖЕ «Оңтүстік » филиалынан Темірбай Құдайбергенов иеленді. Үстел теннисінен әйелдер арасында 1-орынды тағы да Түркістан станциясынан Әйгерім Қасымбекова, 2-орынды Дана Темірбекова, 3-орынды локомотив депосының аға шифрлаушысы Маржан Берсүгірова иеленді.

Ерлер арасында 1-орынды «Транстелеком» АҚ өкілі Серік Сапарбеков, 2-орынды локомотив депосынан машинистің көмекшісі Нұржан Дәулетбаев, 3-орынды Түркістан станциясы вокзалынан Қалдыбай Шотаев өзара бөлісті. Жарыстың ең қызықты да тартысты өткен бөлігі ол әрине, мини-футбол болды.

Шиеленісті де тартысты өткен жарыста соңғы кезге дейін қай команданың жеңетіні белгісіз еді. Жарыс айналмалы жүйе бойынша өтті. Шешуші айқаста 3-орынды «ҚТЖ Экспресс» АҚ филиалы «Южный» командасы алды. Ал финалға шыққан ТЧЭ-33 пен «ӘТЖК» АҚ командалары арасында өте тартысты ойын өрбіді. Нәтижесінде локомотившілер басым түсіп, ТЧЭ-33 командасы жеңімпаз болып танылса, «ӘТЖК» АҚ 2-ші орынды місе тұтты. Барлық жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен грамоталар табыс етілді.

Жансая СЫДЫҚБАЙ

Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді