Қазақ ортасында өсіп келген Жанна Сүлейменова - үздік теміржолшы

Әлеумет
06.05.2019, 11:23

Павлодар аумағындағы Красноармейка станциясының бастығы Жанна Сергеевна Сүлейменова – Қазақстан темір жолы бойынша былтыр ұйымдастырылған «Станция бастығының жылы» байқауында үздіктер қатарынан көрінген теміржолшы.

Биыл ҚТЖ ғимаратында үздік станция бастықтарын марапаттау кезінде келбеті келісті әрі нәзік бастық әйелді таныстырғанда, оған ерекше қызығушылық танытқанбыз. Сөйтсек, анасы өмір бойы жолсерік болған қазақтың әйелі Бақыт Мусина Сергей есімді орыс азаматымен бас қосып, дүниеге Жанна есімді жиен келген екен. Ал енді керісінше Жаннаның өзі қазір қазақтың келіні. Жолдасы Дәурен – ШЧ мекемесінде электрмонтері. Теміржолшылар отбасында бір ұл, бір қыз өсіп келеді.

– Осыдан 34 жыл бұрын Ресейдің Свердловск қаласында дүниеге келіппін. Бірақ әкем ерте қайтыс болып, менің үш айлығымда нағашы әжемнің қолына, осы Красноармейкаға келіп тұрдық. Содан бері мен қазақ ортасында өсіп келемін. Туған анам орыстілді болғанмен, мені баққан әжем таза қазақ тілді, әрі дәстүрдің бәрін білді. Ол да жолшы болып еңбек еткен кезінде. Осылайша мен қазақ тілін жақсы біліп өстім. Шын жүрегіммен мұсылман дінін қабылдадым. Красноармейкада орыс мектебінде білім алғанмен, әжемнің арқасында 70 пайыз қазақ тілін жақсы білдім, ал тұрмысқа шыққалы жолдасым таза қазақ тілді азамат болғандықтан тіпті терең меңгере түстім, – дейді Жанна.


Бастапқыда экономикалық бағытта жоғары білім алған Жанна ол салада бағы жанбай, теміржолшы нағашы ағасының ақылымен билет кассирі болып қызметін бастап, одан әрі бекет кезекшісі, сосын осы Красноармейка станциясының кезекшісі болғанын айтады. Содан соң 2015 жылдары станция бастығының орынбасары болып, әуелі қиын болса да, станцияның басшылық жұмысын меңгеріп алғасын бастығы қызметіне тағайындалады. Міне, бүгінде ол бесінші класты станцияда өзі және 4 кезекшісімен бірге осындағы өзге де құрылымдық темір жол бөлімшелерінің қызметкерлерімен тізе біріктіре қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етіп келеді.

– Жұмыс салыстырмалы түрде ауыр емес, себебі бізде жолаушылар тасымалы жоқ, жүк түсіріліп, тиеу операциялары жүргізілмейді. Станцияның басты қызметі – Павлодар станциясында пойыздар көбейіп, жолдар жетпегенде, сондағы жүктемені азайту мақсатында маневрлік жұмыстар жүргізу, транзиттік пойыздарды өткізу. Жолаушылар пойыздарынан Қарағанды-Томск пойызы өтеді. 100 адам тұратын халқы бар шағын станциядағы тыныс-тіршілігіміз осылайша рельс бойында өтіп жатыр, маған теміржолдағы осы жылдамдық, осы ырғақ ұнайды, – дейді Жанна.

Станцияның 4 жолы бар. Темір жолдағы қозғалысты кезекшілер пульт табло арқылы басқарады. Жаннаның айтуынша, станция шағын болғанмен, жауапкершілік жүгі жоғары, сондықтан ұжым «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» ұйымшылдықпен еңбек етіп, пойыздар қауіпсіздігін қамтамасыз етіп және барлық көрсеткіштерді орындап отыр.

Станция бастығы жылы Жаннаның жеңіске жетуі – барша станциялықтарды қуанышқа бөлеп, мерейін өсірді.

Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ «Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында тағы бір алтын медаль жеңіп алды
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында ҚТЖ алғашқы алтын медалді еншіледі
Аймақтар
07.08.2026
Арқалықта жаңғыртудан кейін теміржол вокзалы ашылып, жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды
Жаңалықтар
07.08.2026
«Нұрлы жол» вокзалында санитарлық үй-жайлар жаңартылуда
Аймақтар
07.08.2026
Кәсіби шыңдалу мектебі
Аймақтар
07.08.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбедегі вокзалдың құрылысын тексерді
Аймақтар
07.08.2026
Екпінді станциясында 800 метр жол жаңарды
Жаңалықтар
07.08.2026
Астана – 1 вокзалы заманауи, қауіпсіз және жайлы болады
Аймақтар
07.08.2026
Күзет қызметінің қырандары
Қауіпсіздік
07.08.2026
Қауіпсіздік талаптарын сақтау – міндет
Аймақтар
07.08.2026
Алпыс жылдық абыройлы жол
Жаңалықтар
07.08.2026
Кәсіподақ белсенділері марапатталды
Спорт
07.08.2026
Дойбышылар додасы
Жаңалықтар
07.08.2026
Темір жолдағы қауіпсіздік бойынша ҚТЖ акциясына 150 бала қатысты