25.09.2026 — Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Кәмкетай Байыров: балтық флотының жаужүрек теңізшісі

Әлеумет
08.05.2019, 09:27

Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері, қарт теміржолшы Кәмкетай Байыров бүгінде 94 жасқа аяқ басты. Ұлағаты мол ақсақал – кешегі қанқасап майдан өтінде шыңдалып, бейбіт өмірге оралған соң шойын жол саласында да ерен еңбектің үлгісін көрсеткен абыз.

Қазыналы қария әлі де тың. Сөзі де мәнді. Аз-кем құлақ мүкістігі болмаса, жанары да қиядағыны шалады. Қала іргесіндегі жер үйде бау-бақшасын күтіп-баптап жүріп жатыр. Сәлем бере барғанымызда қақпасын өзі ашып, қарсы алды. Жас буын әріптестерін, теміржолшыларды бірден таныды. Жүзінен жадырағаны, ризашылық байқалады. Расында бүгінде өз қара шаңырағында, немере-шөберелер ортасында отырған қария теміржолшылармен әңгіме-дүкен құрғанды ұнатады. Байырғы қызметтестерін сұрап, басшылардың, желі бойындағы станцияларда тұратын көзкөрген теміржолшылардың өздері болмаса да, балаларын сұрастырып, амандығын біліп отырады. Есте сақтау қабілеті ерекше қария соғыс жылдары жайлы әңгіме шертуде де шебер.

Кәмкетай ақсақал небары 17 жасында, 1943 жылдың қазанында өзі сұранып майдан даласына аттаныпты. Өмірінде теңізді көрмеген қыр баласына Қызыл тулы Балтық флотының теңізшісі болу бұйырған екен. Жеделдетілген бес айлық курстан соң бірден Балтық теңізіндегі соғыс кемесіне жіберіліп, артиллерист міндетін атқарады. Жас жауынгер дәл соғыс өрті қызып тұрған шақта ұрысқа кіріпті. Осылайша, Кәмкетай ақсақал үшін кескілескен ұрыс күндері басталған.

– Балтық теңізінде ұрыс қимылдарын жүргіздік. Біздің кемеміз жаудың сүңгуір қайықтарының шабуылына жиі ұшырайтын еді. Ашық теңіз шартараптан қауіпке толы. Әуеден де, судың астынан да кез келген сәтте қатер төнеді. Немістер теңізді де миналап тастаған болатын, – дейді ақсақал сол бір күндерді есіне алып.

Теңізші Кәмкетайға көз жанарының өткірлігі себепті артиллерия штурвалын ұстау бұйырыпты.

– Бірде тұман сейілген шақта жаудың алып кемесіне кенеттен кез болдық. Уақыт оздырмастан нысанаға алып, дүркіндете оқ аттым. Жау кемесінен қою қара түтін бұрқ ете қалды да, көп ұзамай бір бүйірлеп теңізге батты. Су беті жанталаса қалқып жүрген неміс әскерилеріне толып кетті, – дейді қария.

Осы ұрыста жау кемесін дәл көздеп суға батырып жібергені үшін артиллерист Кәмкетай Байыров «Адмирал Нахимов» медалімен наградталыпты. Дегенмен, жас теңізші үшін нағыз есте қаларлық сәт 1944 жылдың күзі, яғни, жау қоршауындағы Ленинградты қайтару үшін болған ұрыстар екен. Артиллерист Кәмкетай Байыровтың кемесіне жүктелген міндет теңіз айлағына фашистер мен олардың одақтасы фин кемелерін жібермеу, қаланы теңіз артиллериясы шабуылынан қорғау еді. Бұл міндетті жауынгерлер мүлтіксіз орындайды. Нәтижесінде жау шеңгелінен босаған қалаға құрлық әскерлерімен қатар алғашқы болып кіріпті.

– Үлкен көшелерде бірлі-жарым болмаса адам жоқ, ит-мысық мүлде қалмаған. Қаланы жау бомбасы ғана емес, аштық та қырғынға ұшыратқаны көрініп тұрды. Теңізшілерге жүктелген алғашқы кезектегі міндет, көшелердегі қараусыз қалған жетім балаларды, аурулар мен жаралыларды жинау, шаһардың инфрақұрылымын қалпына келтіру болды, – дейді қария.

Осылайша, Балтық аймағы жаудан тазартылған соң ақсақал мінген кеме майдан шебіндегі Рига мен Таллин қалалары жағалауларын күзетіпті. Ұзақ күттірген Жеңіс мерекесін ақсақал осылай қарсы алған. Жаужүрек теңізшінің кеудесі ордень-медальға толы. «ІІ дәрежелі ұлы Отан соғысы» ордені мен «Адмирал Кузнецов, «Маршал Жуков» медальдарының иегері. Алайда, Балтық флотының теңізшісі елге тек 1950 жылы ғана қайтып оралыпты. 1951 жылдың 15 мамырынан 1986 жылдың 23 мамырына дейін тапжылмай Семей белгі беру және байланыс дистанциясында электромеханик болып абыройлы қызмет атқарады. Теміржол кассирі Ғалия апамызбен көңіл жарастырып, шаңырақ құрып, бүгінде ұрпақ қызығына кенеліп, үбірлі-шүбірлі үлкен әулеттің басшысы болып отыр.

Қуаныш ҚОЖАЕВ

Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді