Батыр бабалар рухына тағзым еткен теміржолшылар

Әлеумет
08.05.2019, 10:40

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, із-түссіз жоғалған және бүгінде арамызда жоқ майдангерлер құрметіне арналған «Мәңгілік полк» шеруі жер-жерде кең қанат жаюда. Олардың қатарында даңқты бабаларының портретін ұстаған теміржолшылар да жүр.

9 мамыр – Жеңіс күні «Мәңгілік полк» шеруінде сапқа тұруды Ахметовтер әулеті де әдетке айналдырған. Ұлы Отан соғысының ардагері, артиллерия жауынгері, бұрынғы теміржолшы Оспан Ахметовтің ұлы Марат Ахметов бұл шараны бабалар рухына тағзым деп біледі.

Оспан Ахметов – соғыстан аман оралып, өмір бойына темір жол саласына еңбек еткен азамат. 1925 жылы Шалқар қаласында дүниеге келген. Сол өңірден шыққан алғашқы қазақ машинистері қатарында паровоз жүргізген екен. 1943 жылы соғысқа аттанады. Артиллериялық полк құрамында соғысқан. 1945 жылы соғыс біткеннен кейін де елге оралмай, полк қырғиқабақ уақытта қауіпсіздік үшін Кавказ тауында жасырынып тұрған екен. Тек 1950 жылы әскер қатарынан босап, елге оралады.

Елге келгеннен кейін Шалқар локомотив депосына жұмысқа тұрып, дәнекерлеушіден бастап машинист көмекшісі болды. Кейін техникалық мектепті бітіріп, машинист болып 1980 жылы 55 жасында зейнетке шыққанша еңбек етеді. Майдангер 1991 жылы 66 жасында өмірден озыпты.

«Әкемнің осы суретін алып, жылда «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды» ұранымен өтетін «Мәңгілік полк» шеруіне қатысамын. Бұл суретке әкеміз майданнан қайтып келе жатқан кезінде түскен. Әкеміздің, Отан үшін жанын берген басқа да жауынгерлер рухына тағзым етуді борышым деп білемін. Сол үшін де шеруге шығамын. 9 мамыр күні әкімдіктің қасынан орталық саябаққа дейінгі аралықта жаяу жүріп өтеміз. Бұл – өте жақсы шара. Сол кезде көп адамның арманы орындалмай қалды. 18-20 жасынан қыршын кеткендер бар. Тіпті қолына қару ұстамай, соғысқа бара жатқан жерінен ұшақтар бомбылап, вагонның ішінде өліп кеткендер бар. Біз мәңгілік полк шеруі арқылы олардың жорық жолын қайта тірілтіп, қайтадан сапқа қосамыз, мәңгі өлмес рухтарына тағзым етеміз», – дейді Марат Ахметов.

Айта кетейік, Ақтөбе облысы бойынша соғысқа 122 423 адам аттанып, олардың 40 мыңнан астамы елге оралмаған...

Ардақ ЕРУБАЕВА

Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ «Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында тағы бір алтын медаль жеңіп алды
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында ҚТЖ алғашқы алтын медалді еншіледі
Аймақтар
07.08.2026
Арқалықта жаңғыртудан кейін теміржол вокзалы ашылып, жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды
Жаңалықтар
07.08.2026
«Нұрлы жол» вокзалында санитарлық үй-жайлар жаңартылуда
Аймақтар
07.08.2026
Кәсіби шыңдалу мектебі
Аймақтар
07.08.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбедегі вокзалдың құрылысын тексерді
Аймақтар
07.08.2026
Екпінді станциясында 800 метр жол жаңарды
Жаңалықтар
07.08.2026
Астана – 1 вокзалы заманауи, қауіпсіз және жайлы болады
Аймақтар
07.08.2026
Күзет қызметінің қырандары
Қауіпсіздік
07.08.2026
Қауіпсіздік талаптарын сақтау – міндет
Аймақтар
07.08.2026
Алпыс жылдық абыройлы жол
Жаңалықтар
07.08.2026
Кәсіподақ белсенділері марапатталды
Спорт
07.08.2026
Дойбышылар додасы
Жаңалықтар
07.08.2026
Темір жолдағы қауіпсіздік бойынша ҚТЖ акциясына 150 бала қатысты