25.09.2026 — Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Медбике Любаның шипалы махаббаты

Әлеумет
10.05.2019, 08:58

Тоқсаннан асқан Люба әжей бізді әдеттегідей жасанып, орден-медальдарын тағынып, мейірімді жанары күлімдеп қарсы алды. Шашы қудай әппақ қарияның көзінен нұры таймаған, жылылық пен шуақ тарайды. Бұл қанқұйлы соғыстың жалынын өшірген майдангердің болмысындағы өмірге деген құштарлық шығар деп ойлайсың...

Соғыс және еңбек ардагері, медицина саласының запастағы капитаны Любовь Сергеевна Колесник – Қызылорда жол дистанциясының есебіндегі жалғыз майдангер. Сондықтан қызылордалық жолшылар қолдан келген қолғабысын Люба әжейге жасауда.

1925 жылы Оңтүстік Қазақстанның Арыс қаласында әскери қызметкер отбасында дүниеге келген Любовь Колесниктің отбасы 1941 жылы әкесі қайтыс болғаннан кейін Қызылорда қаласына қоныс аударады, 18 күн өткенде сұрапыл соғыс басталады...

Қызылордадағы медициналық техникумды тәмамдаған жас Люба Отанын жаудан қорғау үшін соғысқа аттанып, танымал қолбасшы Г.Жуков басқаратын І Беларусь майданына түседі. Мұнда Люба әжей жарақат алғандарға дәрігерлік көмек көрсету үшін дала госпиталіне жөнелтіледі.

Әскери қызметкердің отбасында өскен Любаға кез келген қиыншылыққа төзу ауыр соқпады, бірақ сәт сайын тұтқиылдан жасалатын әуе шабуылы, бомбылау кезінде жанын қоярға жер таппайтын жаралыларды қорғау, демеу болу Люба үшін өліп-тірілгенмен бірдей болатын. Тіпті кейде аспан жарылып жерге түскендей айналада не болып, не қойғанын аңғару мүмкін болмай қалатын деп еске алады қарт майдангер...

– Әрине ол кезде кез-келген ауыр жағдайға төзуге тура келетін. Дала госпиталі жеңіл жаралыларға арналғанмен, кейде ауыр жараланған жауынгер лер де жатқызылатын. Оларды соңымыздан келетін санитарлық пойызға тиеп жіберетінбіз, – дейді бір сәт өткен күндер елесіне кірген қария.

Соғыс өрті күн өткен сайын жанжағын шарпып, жалмап барады. Госпиталь да армияның соңына ілесіп келеді. Белоруссияда, Польшада да ми батпақ ішінде далалық госпитальдің қазығы қағылып, жаралыларға жәрдем көрсетіледі. Кейде жаралылар шатыр астына сыймай, оларды жерге төселген ағаш бұтақтарының үстіне жатқызып, алғашқы көмек көрсеткен. Бас дәрігер бір тыным таппай жаралылар арасында жүгіріп жүретін жас медике қызға риза болып, «Біздің Любаның махаббатпен жасаған шипалы емі қанша солдатты қатарға қосты» деп еркелетеді екен.

Любовь Сергеевна жеңісті осы қалашықта қарсы алады. Бұл ұмытылмайтын күн еді. Фашистік Германияның тізе бүккен күні. Бүкіл елде жеңіс тойланып, «Ура! Біз жеңдік! Жеңіс! Гитлер капут!» деген совет солдаттарының дауысынан ауа жаңғырып тұрыпты. Қыркүйекте елге бет алған Люба Колесник Берлиннің танымал Бранденбург қақпасына «енді әлемде бейбітшілік болсын» деп атын жазып қалдырады.

1945 жылдың қыркүйегінде Қызылордаға жеңіспен оралған әскери капитан шеніндегі майдангер Любовь Сергеевна Қызылорда паровоз депосының медпунктіне фельдшер болып орналасып, зейнет жасына жеткенше жұмыс жасайды. Сол депода жұмыс жасап жүрген өзі секілді соғыстан келген Николай Севастьяновичпен бас қосып, Жеңістің қос солдатынан екі ұл, бір қыз туылады. Қызы Татьяна Червоненко бүгінде майдангер әжейге қамқорлық жасап отырса, ұлдарының бірі Ресейде, екіншісі Украинада тұрып жатыр екен.

Майдангердің қызы өзі де жетпіске аяқ басқан Татьяна Червоненко анасының бар жағдайын жасап, мәпелеп күтіп отыр. Анасының әлі де тың, жағдайының бірқалыпты екенін айтып, Жеңістің 75 жылдық мерейтойын көрсе деп тілейтінін білдірді. Сонымен қатар майдангердің жағдайына алаңдап, керек кезінде қол ұшын беруге дайын тұратын аймақ теміржолшыларына үлкен алғыс айтатынын жеткізді. 

Сабырхан НӘДІРБАЙ

Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді