Жеңіс күні қарсаңында ардагерлерге арналған шара өтті

Әлеумет
14.05.2019, 12:01

Жеңіс күні және Отан қорғаушылар мерекесі қарсаңында «ҚТЖ» ҰК» АҚ теміржол саласындағы Ұлы Отан соғысы ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін шақырып, олардың құрметіне салтанатты шара өткізді.

Сала ардагерлері компанияның орталық аппарат ғимаратында өткен мерекелік салтанаттың құрметті қонағы болды. Талантты қызметкерлердің өнерінен құралған концерттік шара басталмас бұрын ардагерлер мен теміржолшылар елордадағы «Отан қорғаушылар алаңы» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, сұрапыл соғыстан қайтпай қаза тапқандарды еске алды. Одан әрі компанияның бас ғимаратында жалғасқан мерекелік жиында теміржолшылар осы салада еңбек етіп, зейнетке шыққан соғыс және тыл ардагерлеріне деген сый-құрметтерін соғыс жылдарындағы жалынды әндерді орындап, әскери билер билеумен көрсетті. Бағдарлама «Мәңгілік полк» – соғыс батырлары туралы естеліктерді баянды ету акциясы аясында өтті. Теміржолшылар майдангер әке-ағаларының портреттерін алып шығып, транспаранттар көрмесін ұйымдастырды.

 Бағдарлама барысында компанияның шаруашылық басқару филиалы инженерлік және энергетикалық қамтамасыз ету департаментінің менеджері Жандос Асылханов, Орталық салалық кәсіподақтың департамент директоры Нұрлан Нұрпейісов, көпсалалы қызмет көрсету орталығы филиалының бухгалтерлік есеп функционалдық бағытының менеджері Айнұр Әбілдина, Магистральдық желі дирекциясы филиалы менеджерінің ұлы Бекарыс, «Қазтеміртранс» АҚ тарифтік саясат және маркетинг департаментінің менеджері Дастан Абытов, Магистральдық желі дирекциясы экономика департаменті менеджері Абылайхан Домалақов, осы дирекцияның экономика департаментінің бас менеджері Қанат Құдайбергенов және активтерді басқару департаментінің менеджері Айдана Мусалимова, Адами ресурстарды басқару департаментінің менеджері Айжан Сейтбаева, «ҚТЖЖүк тасымалы» АҚ халықаралық тасымал бойынша есептеу және есепке алу секторының бас маманы Сәния Мергенбаева, өндірістік қауіпсіздік және экология департаментінің менеджері Алтынай Жатқанбаева сынды сала қызметкерлері өз өнерлерімен көпшілікті тәнті етті. Соғыс ардагерлеріне бүгінгідей бейбіт өмір сыйлағандары үшін алғыс білдірген кейінгі буын оларға зор денсаулық, ұзақ өмір тіледі. Жастардың өнеріне риза болған соғыс ардагері Борис Беленка сахнаға шығып сөз сөйлеп, майдандағы қыршын кеткен замандастары туралы өлең оқыды. Сонымен қатар теміржолшы-ардагерлер үшін «Вива» би ұжымы арнайы келіп өнер көрсетті.

Биыл Жеңістің 74 жылдығы қарсаңында компания көлемінде ардагерлерге материалдық көмек беріліп, акциялар ұйымдастырылды. Компания есебінде тұрған бүгінде көзі тірі 115 ардагердің бәріне ҰОС ардагерлері мен мүгедектері ретінде пойызда тегін билет рәсімдеу ережелері туралы ақпарат барлық жерге ілініп, оны вокзал дикторлары хабарлауы қадағалануда. Компанияның бас ғимаратында тақырыптық роллаптар, фотостенділер және баннерлер ілінді. Қатысушыларға «Жеңіс күні» деген жазуы бар мерекелік ленталар әзірленіп таратылды. Мереке қарсаңында ардагерлердің үйлеріне арнайы барып, азық-түлік салынған себеттер тарту етілді. 

Спорт
16.06.2026
Маңғыстау теміржолшылары бильярдтан үздіктерді анықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
16.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №46 16 маусым 2026 жыл
Әлемде
15.06.2026
Биыл «Қытай-Орталық Азия» бағытында 15 мыңнан астам пойыз жөнелтілген
Қауіпсіздік
15.06.2026
Қозғалыс қауіпсіздігін бұзу дерегі азайған
Аймақтар
15.06.2026
Жүк пойызының машинистері апаттың алдын алды
Инфрақұрылым
15.06.2026
Кабул дәлізінің құрылысы қақтығыстарға қарамастан жүргізіледі
Жаңалықтар
14.06.2026
ҚТЖ еріктілері балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін бірегей теміржол мегамузейіне саяхат ұйымдастырды
Жаңалықтар
14.06.2026
Azerbaijan-Kazakhstan Sea Cable System жобасының жаңа кезеңі
Жаңалықтар
13.06.2026
Астанада Қазақстан темір жолдары тарихының мұражайы ашылды
Жаңалықтар
12.06.2026
Абай облысында қайта жаңартудан кейін Ауыл және Белағаш станцияларының вокзалдары ашылды
Жүк тасымалы
12.06.2026
Астық және ұн экспорты 13%-ға өсті
Әлеумет
12.06.2026
ҚТЖ теміржолшылардың әлеуметтік пакетін жақсартты
Аймақтар
12.06.2026
Жамбыл теміржолында табыс та, тасымал да еселенді
Аймақтар
12.06.2026
Қырағы вагон қараушы апаттың алдын алды
Инфрақұрылым
12.06.2026
Күрделі жөндеуді межелеп қалды
Аймақтар
12.06.2026
Шымкентте теміржолшы өнертапқыштардың қатары артып келеді
Аймақтар
12.06.2026
Жаңа көшеге майдангер әрі теміржолшы Өтеубай Ордабайұлының есімі берілді
Спорт
12.06.2026
Ақтөбеде бильярдтан үздік теміржолшылар анықталуда
Жаңалықтар
12.06.2026
Талғат Алдыбергенов еңбек ұжымына үндеу жолдады
Жаңалықтар / Мұрағат
12.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №45 12 маусым 2026 жыл