Арыста спорттық-бұқаралық жарыс өтті

Әлеумет
17.05.2019, 08:23

Спортта ширақтық танытқан команда, жұмыста да көңіл-күйі жақсы, салауатты өмір салтының арқасында алға қойған міндеттерді ойдағыдай атқарары сөзсіз. Себебі, спорт – жан саулығы.

Жуырда Арыс қаласындағы «Игібай» спорт кешенінде Шымкент теміржолы бөлімшесінің жұмысшылары спорттық-бұқаралық жарыс өткізді. Аталған спорттық шараға 10 команда қатысты. Атап айтқанда, Арыс станциясы, ТЧЭ32, «ӘТЖК» АҚ, УПЧ-54, НЖС-9 Арыс станциясының вокзалы, «Транстелеком» АҚ, ШЧ-38, ЭЧ-24, ВЧД-30, Қалаш станциясы.

Жарыс үш түрден өтті: мини-футбол, үстел үсті теннисі, шахмат. Шахматтан әйелдер арасында 1 орынды ТЧЭ-32 экономисі Айзат Досалиева, 2 орынды ВЧД-30 технигі Динара Исабекова, 3 орынды ТЧЭ-32 нарядчигі Жұмабике Мақұлбекова жеңіп алды. Ерлер арасында 1 орынды спорт ардагері, шахматтан тұрақты қатысушы, ТЧЭ-32 машинисі Саттар Баширов, 2 орынды ЭЧ-24 электромонтері Асылхан Жарымбетов, 3 орынды «ӘТЖК» АҚ күзетшісі Ғанибек Алтынбеков алды. Осы жолы үстел үсті теннисі жарысына әйелдер де қатысты. 1 орынды вагон депосынан Динара Исабекова, 2 және 3 орынды локомотив депосынан Жұмабике Мақұлбекова мен Айзат Досқалиева алды. Ерлер арасында 1 орынды ЭЧ-24 мекемесінен Шаншарбек Шекеров, 2 орынды күзет қызметінен Құрманбай Түркменбаев, 3 орынды «Транстелеком» АҚ өкілі Серік Сапарбеков иеленді. Жарыстың ең қызықты бөлігі футболдан өтті. Нәтижесінде 3 орынды Арыс станциясы, 2 орынды локомотив депосы, ал жүлделі бірінші орынды ШЧ-38 командасы жеңіп алды. Жарысқа қатысқан барлық жеңімпаздар марапатқа ие болды. Осындай ауқымдағы іс-шара алдағы уақытта маусым айында Сарыағашта өтетін болады. 

Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды