Жігітке жеті өнер де аз: бір теміржолшының тарихы

Әлеумет
24.05.2019, 10:11

Жамбыл белгі беру және байланыс дистанциясының электрмеханигі Қамшыбек Әміреевті көпшілік жақсы таныса керек. Өйткені өнерлі жігіт жамбылдық теміржолшылар атынан республикалық талай дүбірлі додаға, жастар арасындағы айтулы шараларға қатысып, көзге түсіп жүр.

Бала күнінен сөзге шешендігі мен әншілігінен бөлек, атқа шауып, көкпар тартуға құмартып өскен Қамшыбек – теміржолшылар династиясының бесінші буыны. Арғы аталары Иманқұл мен Әміре – Түркісіб құрылысына қатысқан теміржолшылар, ал атасы Халил Иманқұлов пен әкесі Кенжеғұл Әмреев те теміржолшылар. Әкесі қазір осы Жамбыл белгі беру және байланыс дистанциясында КТСМ радио телімінің басшысы.

Қамшыбектің есімі де сирек кездесетіні тегін емес. Және оның бойына біткен өнерінің түп-төркіні есімімен байланысты жатыр...

– Анам маған жүкті кезінде үйге басында сәлдесі, қолында тәспісі мен түрлі тастармен әшекейленген тобылғы сапты қамшысы бар ақсақал келген екен. «Құдайы қонақпын, шаңырағыңызға Құран оқып, ас-су ішіп, жолға шығайын» деген қарияны үйдегілер төрге оздырыпты. Құран оқып, аяқ суытып алған бейтаныс қария кетерінде «Келініңіз, бұйыртса, ұл босанады. Атын Қамшыбек қойыңыз. Алла жазса, балаңыз мына қамшы сияқты жарқыраған жігіт болады» депті. Бірақ, анам 20 жастағы жас келіншек қой, әлгі үлкен кісінің айтқанын жақтырмай енесіне «Қамшыбек дегені несі, құлаққа түрпідей тиеді екен» деген көрінеді.

Анамның айтуынша, ол қария сол күні ауыл шетіндегі тағы бір үйге кіріп, құран оқыған соң ол үйдің иесіне де айы-күні жақын тұрған келінінің ұл босанатынын және оған Қамшыбек деп ат қою керек екенін ескертіп, жөніне кетіпті. Сол үйдің келіні босанып, жастар әлгі аманатқа мән бермей, ұлдарына басқа есім қойыпты. Бірақ, тағдырдың жазуы ғой, әлгі сәби екі ай өткенде шетінеп кеткен екен.

Осыны көңіліне алып қалған анам қатты уайымдапты. Атымды «старомодный» Қамшыбек деп қойғысы келмейді, қоймаса шетінеп кете ме деп қорқады. Босанатын уағы мерзімінен өтіп, толғағы келмей қиналған анам түнде «Я, Алла, осыдан аманесен босансам, атын Қамшыбек қоямын» деп Жаратқанға жалбарыныпты. Ертесі толғағы қысып, мен аман-есен дүниеге келіппін. Сөйтсе, анам бәрі жақсы болған соң атымды Қамшыбек қоймайтын болып шешімін қайта өзгертіпті. Бірақ әкесі, нағашы атам «Қызым, қарияң тегін емес, үлкен кісінің айтқанын екі етпе, әп-әдемі-ақ қазаққа тән есім емес пе? Қамшыбек болса, болсын!» деп ақылын айтып, белгісіз қарияның аманаты бойынша мен Қамшыбек атаныппын», – деп әсерлей әңгімелейді кейіпкеріміз.

Қамшыбек үшінші сыныпта оқып жүргенінде-ақ, әкесі баптап берген жүйрікке мініп, ауылдағы үлкенді-кішілі аламандарға қатысып, ал алтыншы сынып оқып жүрген шағында өзі ат ерттеп, көкпарға да қосылып жүріпті.

– Сондағы заманның тыныштығы ма, әлде әкемнің тым сенгіштігі ме, тіпті, кей күндері ересектермен ілесіп көкпар қуалап, қыр асып үйге қонбай кеткен күндерім болатын. Ондай сәтте әкем үлкен жігіттердің ішіндегі сенімділеуіне мені табыстап қоятын. Мен топты бұзып-жарып, серкені жұлып әкетпесем де сирағына қолым тигенге мәзбін. Кейін есейе келе, ауылдың көкпарында талай атой салдық қой. Қазір анда-санда атқа қонғаным болмаса, қарбалас жұмыс көкпарға қол тигізбей кетті, – дейді Қамшыбек.

Көкпардан бөлек бала Қамшыбек ауылдағы бас бермейтін жабағы, шу асау тайлардың талайын үйреткен екен. –

Тай үйрету деген балалар үшін екінің бірі бата алмайтын «рискованный мамандық» қой. Кейде алып қашады, кейде қытығы келген жануар үркіп, көкке ыршығанда ұшып кетесің. Сонда да қайтпайсың. Өйткені, тайды болдыртып, жүгенге көндірген деген қандай мәртебе, мақтаныш болатын, – деп күледі Қамшыбек.

Ауылда осылай, ат құлағында ойнап өскен ол 6-сыныптан бастап университеттің екінші курсына дейін бокспен де тұрақты шұғылданыпты. Оның Тараздағы алғашқы жаттықтырушысы Бекзат пен Ермахандай батырларды Олимпиадаға дайындаған Дамир Буданбеков болған екен. Қазір де дистанция құрамасы сапында футбол ойнайды.

Мектеп бітірген соң әкесінің ақылымен «алдыңғы арбалардың ізімен» теміржолшы кәсібін меңгеруге бел буады. Теміржолшының баласы ретінде ұлттық компанияның арнайы грантымен Алматыдағы М.Тынышбаев атындағы ҚазККАны бітіріп, Жамбыл белгі беру және байланыс дистанциясына жұмысқа орналасады. Домбыра тартып, ән салатын өнерлі жас студент кезде де топтың ортасынан табылып, кішігірім отырыстарды жүргізіп, екі-үш жылдың ішінде кәнігі асабаға айналып шыға келген. Теміржолға келгесін алты жылдай жастар ұйымына жетекшілік жасап, жамбылдық теміржолшыжайдарманшы (КВН) жігіттерді жоғарғы лигаға дейін апарды. Ал өзі Жамбыл өңірі атынан ҚТЖ-ның «Жігіт сұлтаны» республикалық байқауына қатысып, жүлде алған да жайы бар. «Жігітке жеті өнер де аз» деген осы ғой...

Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды