Болашақ теміржолшылар жаңа мұражайды аралады

Әлеумет
26.05.2019, 12:47

 «ҚТЖ-ЖТ» АҚ филиалы – Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Берік Ақшаловтың арнайы шақыруымен Тараз қаласындағы темір жол көлік және коммуникация колледжінің бір топ студенті Музей күні жуырда ғана бөлімше жанынан ашылған жаңа мұражайды аралады.

Болашақ теміржолшылар сонау ХІХ ғасырдың куәсі болған құнды жәдігерлерден бастап, саланың бүгінгі жетістігіне дейінгі тарихты толық қамтыған мұражай материалдарымен таныса келе, таңданыстарын жасырмады.

– Бізді шақырған азаматтар әр жәдігердің қайдан алынғаны және бүгінде қолданыста жоқ, алайда өз дәуірінің озық жетістігі болған құрал-саймандардың, яғни бүгінгі музей экспонаттарының кезінде қандай мақсатта кәдеге жарағанын барынша түсіндіріп берді, – дейді студенттерге жетекшілік етіп келген колледж музейінің меңгерушісі Гүлжан Құрмантайқызы.

– Біз студенттерге техникалық білім беріп қана қоймай, олардың рухани құндылықтарды бағалап, тарихқа құрметпен қарауға да баулуымыз керек. Ол үшін тәрбиені құр сөзбен айтқанша, осындай музей жұмысы арқылы жеткізсек, анағұрлым өтімді болмақ, – деп санайды бөлімше басшысы Б.Ақшалов.

Ал «Темір жол станциясы кезекшісінің көмекшісі» тобының 2-курс студенті Әділет Тамдығалиев музейден алған әсерімен бөлісіп, теміржолшы мамандығын таңдағанына еш өкінбейтінін, қайта мақтан тұтатынын жеткізді. 

Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді