Тараз теміржол көлігі және коммуникация колледжі

Әлеумет
26.05.2019, 15:32

Түрксіб темір жол магистралінің құрылысы аяқталып, салаға білікті кадрлар даярлау ісі күн тәртібіне қойылған тұста іргесі қаланған оқу орнының бірі – бүгінгі Тараз теміржол көлігі және коммуникация колледжі. 90 жылға жуық тарихы бар өңірдегі іргелі орта кәсіптік оқу орны өндіріске жыл сайын жүздеген кәсіби маманды даярлап шығарады.

Бітіруші түлектерді жұмыспен қамтуда Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі мен Магистральдық желі бөлімшесінің алар орны ерекше. Оқу орны қазіргі таңда 762 студентке білім беріп отыр. Олардың басым бөлігі – мемлекеттік тапсырыспен оқып жатқан жастар, яғни 623 студент аз қамтылған отбасылардың балалары болса, 66 студент көпбалалы үйден шыққан. Оларға 90-ға жуық білікті ұстаздар сабақ береді.


Тараз қаласындағы негізгі темір жол магистралінің арғы бетінен орын теуіп, әжептәуір аумақты алып жатқан колледждің материалдықтехникалық базасына тоқтала кетсек. Балансында 1 негізгі оқу ғимараты бар, оның жалпы білім беретін кабинеті – 20, арнаулы пән кабинеттері алтау екен. Оған 6 зертхана мен 4 шеберхананы, студенттердің өздігінен ізденіп, қосымша білім алуына бар жағдай жасалған кітапхананы қосыңыз. Ағаш, ұста, темір шеберханалары түрлі өндірістік, бұрғылау станоктарымен жабдықталған. Айтпақшы, мұнда кейінгі жылдары темір жол саласынан бөлек өзге де кәсіптік білім беру бағдарламасы енгізіліп, темір, ағаш ұсталары, аспаз сынды кәсіптік мамандар даярланып келеді. Ал болашақ теміржолшылар жүк вагонының тежегіш жабдығы мен электровоздың бір секциялық ішкі құрылысымен жабдықталған шеберханада көп нәрсе біліп шығуда.

2016 жылы 100 орындық жаңа жатақ хана пайдалануға берілді. «Білімгерлер үйі» аталатын жатақхана заманауи үлгіде, барлық қажеттілікпен қамтылған. Онда алыс аудандар мен өзге облыстардан келген студенттер тұрады. 250 орындық асхана, 2 компьютерлік сынып, мұражай, спорт залы мен стадионынан бөлек ашылған бокс, күрес залдары бар.


Жалпы, колледжде студенттер теміржолға қатысты мамандықтардан бөлек «Ағаш шебері және жиһаз өндірісінің ұстасы», «Санитарлық-техникалық жүйелер мен құрылғыларды құрастырушы», «Электргаздәнекерлеуші», «Құрылыс электрслесарі», «Құрылыс шебері», «Жасанды құрылыстар, жолды жөндеу және ағымдағы қалыпты жағдайда ұстаудан босатылған бригадир» мамандықтары бойынша оқып жатыр. Ал Үкімет 2016 жылы бекіткен «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша былтыр колледжде «Аспаз», «Токарь» мамандықтары ашылыпты.


Студенттердің жұмысқа орналасу көрсеткіші де жаман емес. 2016-2017 оқу жылында түлектердің 83 пайызы жұмысқа орналасса, былтырғы оқу жылында 95 пайызға жетіпті. Биылғы оқу жылындағы меже де осы пайыздың төңірегінде жоспарланған. Енді оқу орны «Төтенше жағдайды қорғау» мамандығын ашуды көздеп отыр екен. Заман талабына сай, сұранысқа ие мамандықтарды да ашуды мақсат тұтады.

Колледж студенттерінің алған теориялық білімін практикамен ұштастыруы үшін әлеуметтік серіктестермен ортақ мақсатты жұмыс жолға қойылған. Айталық, Жамбыл жүк тасымалы және Магистральдық желі бөлімшелері, Тараз локомотив жөндеу депосы, Тараз локомотив пайдалану депосы, Жамбыл белгі беру және байланыс дистанциясы, «ЖамбылРемСервис» ЖШС, «Қазфосфат» ЖШС, «Энерджи-Тараз» ЖШС, Жамбыл жол дистанциясы, «Тараз су» сынды ірі кәсіпорындармен үшжақты келісімшарт жасалыныпты. Дуальді оқыту жүйесін қолдануда әлеуметтік серіктестердің рөлі өте зор. Үшжақты жасалған меморандум бойынша бұл бағытта да оңды нәтижелер бар. Әріптестік танытқан компанияларда дуальді оқыту жүйесі бойынша іс-тәжірибеден өткен студенттер толық жұмыспен қамтылуда. Темір жол арқылы тасымалдау жылданжылға артып келе жатқаны бұл саладағы жұмысшы мамандарға деген сұраныстың да артып отырғанын көрсетеді. 

Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді