Ақтөбеде «Темір жол – қауіпті аймақ» шарасы өтті

Әлеумет
30.05.2019, 10:52
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе станциясының басшылары рейд жұмысына шықты. Теміржолшылар жаяу жүргіншілерге стратегиялық аймақтың қауіпті екенін ескертіп, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Ақтөбе станциясы басшылығының ұйымдастыруымен «Темір жол – қауіпті аймақ» шарасы өтті. Аталмыш шараға станция ұжымынан бөлек желілік полиция бөлімінің қызметкерлері, локомотив пайдалану депосы, Ақтөбе көлік және тасымалдауды ұйымдастыру мекемесі мен колледж студенттері атсалысты. Белгіленбеген жерден өтудің қауіптілігін түсіндірген мамандар ақпараттар жазылған парақшалар таратты.

«Мұндай іс шара ай сайын өткізіліп тұрады. Қаншалықты ескерту алғанымен бөгде адамдардың қауіпті аймақтан өтуі азаяр емес. Станция қоршауларын бөгде адамдар өзіне керек жерден бұзып, қолайлы жерге өткел салып алған. Жыл басынан бері Қазақстан Республикасының аумағындағы темір жол бойында, төрт айдың ішінде 9 темір жол көлігімен адам қағу оқиғасы тіркелді. Оның ішінде 5 адам өліміне алып келген. 9 оқиғаның үшеуінде кәмелетке толмаған балалар, өкінішке орай, екі баланың өмірін сақтап қалу мүмкіндігі болмаған. Ал біздің станция аумағында мұндай жағдай тіркелген жоқ. Дегенмен, бөгде адамдардың белгіленбеген жермен жүруі қиындықтар әкеледі», – дейді Ақтөбе станциясының бастығы Нұрлан Ермағамбетов.

Мамандар әр жүргіншіні жекелеп тоқтатып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кейін Ақтөбе көлік және тасымалдауды ұйымдастыру жаңа технологиялар колледжінің студенттерімен осы мақсатта кездесу өткізіліп, бейнероликтер көрсетілді.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті