Семейде теміржолшылардын арасында бильярдтан біріншілік өтті

Әлеумет
31.05.2019, 09:33
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда Семей ЖТ бөлімшесі бойынша үстел спортының ерекше түрі, яғни, бильярд ойынынан теміржолшы ерлер арасында тұңғыш рет бөлімше біріншілігі болып өтті.

Асқан шеберлікті, кәсібилікті, мергендік пен төзімді талап ететін бұл ойын түріне теміржолшылар көп әуес емес болып шықты. Себебі, осынау сайысқа азын-аулақ адам ғана өтініш білдірген екен. Дегенмен, «Локомотив» спорт клубының нұсқаушылары үшін жеңімпаздарды анықтау қиынға түскен жоқ.

Аталмыш біріншілікке әсіресе Семей магистральдық желі бөлімшесінің теміржолшылары мен олардың жанкүйерлері мол жиналған болатын. Тастаяқпен шарды көздеп ұруда Семей байланыс және белгі беру дистанциясы мен Жаңа-Семей жол дистанциясының жігіттеріне ешкім жетпеді.

– Кийді қолға ұстаудың өзі де шеберлікті талап етеді. Одан бөлек бильярдтың өзіндік әдіс-тәсілдері де көп. Арнайы жабдықталған алаңды талап ететіндіктен, әрі спорттың бұл түрі олимпиада мен өзге де спартакиадалық ойындар құрамына енгізілмегендіктен болса керек, сала қызметкерлерінің арасында да кенжелеп тұр. Әйтсе де, ынта білдірген теміржолшылар арасынан жеңімпаздар анықталды,– дейді аталмыш сайысты ұйымдастырушы, «Локомотив» спорт клубының спорт нұсқаушысы Жанат Мойынбаев.

Тастаяқ ойынының нәтижесінде бірінші орынды Ғалым Сүлейменов жеңіп алып, кербез ойынның чемпионы атанды. Ал екінші орынды ШЧ-29 мекемесінен Берік Смағұлов иеленді. Жүлделі үшінші орын Дулат Оразбаевқа бұйырса, төртінші орынды Жаңа-Семей жол дистанциясынан Қанат Абдуғалиев қанағат тұтты. 

Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды