Пойыз құрастырушыларға тренинг ұйымдастырды

Әлеумет
04.06.2019, 16:38
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Білімімен, зердеге тоқыған зейінімен мыңды жыға білетін, тәжірибесімен әріптестеріне үлгі болатын, өндірістік төтенше жағдайларда артық әрекет жасамай, ең тиімді жол таба білетін пойыз құрастырушыны анықтау үшін бөлімшенің қауіпсіздік бөлімі мамандары мен кәсіподақ ұйымының белсенділері тренинг ұйымдастырды.

Қызылорда станциясының техникалық кабинетінде «Білімділік – қауіпсіздік кепілі» тақырыбында өткен тренингті бөлімшенің қауіпсіздік бөлімі ұйымдастырып, кәсіподақ ұйымы демеушілік жасап, онда өндірістік жұмыстар қарқынды жүргізілетін Сауран мен Сексеуіл станциялары арасындағы бекеттерден келген он шақты пойыз құрастырушы бақ сынады. Бөлімшенің қозғалыс қауіпсіздігі бөлімінің бастығы Бекжан Өтеулиев, Гүлжан Шакетова, кәсіподақ ұйымы төрағасының орынбасары Әбдімұрат Әбілдаев, Қызылорда станциясы басшының орынбасары Алмас Ұзақбаев тренингке қатысушылардың жауабын саралап, білім дәрежелерін бағалады.

Пойыз құрастырушылардың білімі әрбір бекеттегі теміржолшының білуі тиіс саналатын ТРА, ИДП секілді негізгі құжат пен ереже, нұсқама, бұйрық секілді жұмыс барысында үнемі қаперде болуды қажет ететін құжаттамаларды қамтыды. Олардың ішінен сұрақтар беріліп, пойыз құрастырушылардың лайықты жауаптары арқылы білімдері сынға салынған тренинг басталды. Одан кейінгі кезеңде стандарттан тыс жағдайда пойыз құрастырушылардың қимыләрекеті, олардың өздерімен қатар жұмыс жасайтын вагоншы, локомотивші, байланысшы, жолшы секілді еншілес мекемелердің теміржолшыларымен бірлесе шешім қабылдауы сарапқа салынды. Тіпті, бүкіл теміржолшыға ортақ тепловоздан берілетін ескерту белгілерінің түрлері де сауал болып қойылып, қайта еске түсірілді. Тренинг соңында бөлімшеде соңғы жылдарда орын алған тосын жағдайларға дейін назарға алынып, ондай жағдайлардың қайталануы тікелей теміржолшыларға ортақ сын және оның қайталануына жол бермеу бәрімізге ортақ міндет деп ұғынған пойыз құрастырушылар тренингтің тиімділігі жоғары екенін атап өтті.

– Станцияда бекітілген және жоспардан тыс техникалық сабақ өткізіледі. Бірақ осы техсабақтардың көбісі бір сарында өткізіледі, пайдасы бола тұра, жасыратыны жоқ, қызықсыздау. Осыған байланысты техсабақтарды өткізудің стилін не форматын өзгертіп, мәселен, сабақты станция паркінде практикалық сабақ ретінде жаңаша форматта өткізсе деген тілек бар, – деп өз ойын білдірді Белкөл станциясының пойыз құрастырушысы, тренинг белсендісі Қанжар Ділмағанбетов.

Пойыз құрастырушылардың білімін егжей-тегжейлі сарапқа салған сарапшылар, тренингте емін-еркін пікір таластырып, өз ойларын бүкпесіз талқыға салған қатысушылардың техсабақтың өткізілу формасы мен форматы өзгертілсе деген ұсыныстарын да назарға алды.

– Әр айда кемі төрт мәрте техникалық сабақ өткізіледі. Олардың екеуі бекітілген кестеге сай өтеді. Техсабақтың тигізер пайдасы мол. Бүгін біздер пойыз құрастырушылардың басын қосып тренинг өткізіп, олардың әрқайсысының білім дәрежесін, тәжірибесін тексеріп, оқыс жағдайдан қалай тез шешім тауып шығып кете алатын мүмкіндігі бар екенін сараптадық. Мұның барлығы пойыз құрастырушылардың күнделікті жұмыс барысында ұшырасатын жағдайлар болып саналады. Қателіктен сақтандыруды, сақтануды үйрету – бізге міндет. Осыған орай бүгінгі тренингті жаңаша форматта ұйымдастырдық, алдағы уақытта жаңа ғана пойыз құрастырушылардың өздері ұсыныс жасаған сабақтың практикалық формасын ұйымдастыратын боламыз. Жалпы алғанда мұның барлығы пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтау, оның сапасын арттыру, жеке адамның амандығы үшін жасалады. Тренинг ұмытыла бастаған жағдайды еске түсіріп, білетін білімдеріне жаңаша көзқараспен қарауға үйретеді әрі әріптестерінің озық тәжірибесінен сабақ алады, – дейді бөлімшенің қозғалыс қауіпсіздігі бөлімінің бастығы Бекжан Өтеулиев.

Білім – қауіпсіздік атаулыға кепіл болады деген тренингте білім жарыстырудан үздік шыққандарды марапаттау шарасы ұмыт қалған жоқ. Пойыз құрастырушылардың барлығына бөлімшенің кәсіподақ ұйымы атынан ынталандыру сыйлығы мен жүлделі орын алғандарға қаржылай сыйлық жасалды. Жүлделі 3-орынды Сексеуіл станциясының өкілі Дәурен Сидағұлов иеленсе, әріптесімен білім таласында есе жібермеуге тырысқанмен сәл ғана баяулық танытқан Қанжар Ділмағанбетов 2-орын алды, ал тренингте алдына жан салмай барлық сыннан сүрінбей өткен Төретам станциясының тәжірибелі пойыз құрастырушысы Жаппар Досымов жүлделі 1-орынды иеленді. 

Спорт
16.06.2026
Маңғыстау теміржолшылары бильярдтан үздіктерді анықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
16.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №46 16 маусым 2026 жыл
Әлемде
15.06.2026
Биыл «Қытай-Орталық Азия» бағытында 15 мыңнан астам пойыз жөнелтілген
Қауіпсіздік
15.06.2026
Қозғалыс қауіпсіздігін бұзу дерегі азайған
Аймақтар
15.06.2026
Жүк пойызының машинистері апаттың алдын алды
Инфрақұрылым
15.06.2026
Кабул дәлізінің құрылысы қақтығыстарға қарамастан жүргізіледі
Жаңалықтар
14.06.2026
ҚТЖ еріктілері балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін бірегей теміржол мегамузейіне саяхат ұйымдастырды
Жаңалықтар
14.06.2026
Azerbaijan-Kazakhstan Sea Cable System жобасының жаңа кезеңі
Жаңалықтар
13.06.2026
Астанада Қазақстан темір жолдары тарихының мұражайы ашылды
Жаңалықтар
12.06.2026
Абай облысында қайта жаңартудан кейін Ауыл және Белағаш станцияларының вокзалдары ашылды
Жүк тасымалы
12.06.2026
Астық және ұн экспорты 13%-ға өсті
Әлеумет
12.06.2026
ҚТЖ теміржолшылардың әлеуметтік пакетін жақсартты
Аймақтар
12.06.2026
Жамбыл теміржолында табыс та, тасымал да еселенді
Аймақтар
12.06.2026
Қырағы вагон қараушы апаттың алдын алды
Инфрақұрылым
12.06.2026
Күрделі жөндеуді межелеп қалды
Аймақтар
12.06.2026
Шымкентте теміржолшы өнертапқыштардың қатары артып келеді
Аймақтар
12.06.2026
Жаңа көшеге майдангер әрі теміржолшы Өтеубай Ордабайұлының есімі берілді
Спорт
12.06.2026
Ақтөбеде бильярдтан үздік теміржолшылар анықталуда
Жаңалықтар
12.06.2026
Талғат Алдыбергенов еңбек ұжымына үндеу жолдады
Жаңалықтар / Мұрағат
12.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №45 12 маусым 2026 жыл