Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінің қызметкерлері балаларға шаттық көңілкүй сыйлады.

Кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен мереке күні облыс орталығындағы Т.Рысқұлов атындағы саябақтағы барлық аттракциондарға 260 балаға тегін билет таратылып берілді.

– Балаларға мереке ұйымдастыру да үлкен жауапты жұмыс. Дүниедегі көңілі таза, сенгіш, мерекені асыға күтетін де балалар шығар. Сондықтан, бүгінгі мереке барысында бүлдіршіндердің барынша алаңсыз демалуына жағдай жасадық. Мұндай шара Шу өңірінде де аталып өтті. Айталық, Шу локомотив пайдалану депосының ұжымы балалар үшін спектакль қойылымдарын ұсынып, тегін балмұздақтар таратып берді, – дейді ЖТ-Жамбыл бөлімшесіндегі кәсіподақ ұйымының төрағасы Серік Ақшораев.