Рацұсыныс авторлары зейнетке шықты

Әлеумет
13.06.2019, 14:14
Оқуға 2 мин

Рационализаторлар – қай салада болмасын өндірісті алға сүйрейтін жандар. Сондай өнертапқыштық қызметімен айналысқан екі ағамыз жуырда құрметті зейнеткерлік демалысына шықты. Олардың теміржол саласындағы еңбектері сүбелі.

Айта кетейік, Қазақстан теміржолында 2016 жылы өндірістік көрсеткішті көтеруге бағытталған 1343 рационализаторлық ұсыныстың нәтижесінде өндіріс тиімділігі артып, 100 миллион теңгенің экономикалық тиімділігіне қол жеткізілген екен. Себебі, теміржол саласында рационализаторлық ұсыныстар өндіріс тиімділігін көтеруге, материалдық ресурстарды үнемдеуге, еңбек қауіпсіздігін сақтауға ықпал етеді. Осыған орай, «ҚТЖ-ЖТ» АҚ «ЖТ Шымкент бөлімшесі» филиалында да өндірістің өнімді болуына еңбек сіңірген жандар жетерлік.

Солардың бірі – Жеңіс Жүзжанов. Ол 1956 жылы 9 мамырда бұрынғы ел оңтүстігіндегі Қызылқұм ауданы, Темір станциясында дүниеге келген. 1963-1973 жылдары А.Құнанбаев атындағы мектепті бітіріп, еңбек жолын 1974 жылы Темір совхозында автослесарь болып бастайды. Бір жылдан соң Жамбыл гидромелиоративқұрылыс институтына түсіп, оны ойдағыдай тәмамдайды. Түрлі салаларда механиктен бастап бас инженерге дейінгі қызметтердің тізгінін ұстайды. Ал 1997 жылы Арыс станциясында ПМС-тің хопер-дозатор машинисі болып жұмысқа орналасады. Кейін Арыс станциясындағы ПЧ-54 бас механигі, жол монтері, соңғы алты жылда инженер-метролог эколог қызметін атқара жүріп, рационализаторлық салаға қызығушылық танытады. Осылайша Жеңіс Исабайұлы 2014-2019 жылдары өндіріске 75 рационализаторлық ұсыныс енгізеді. Екінші кейіпкеріміз, Шымқаласының тумасы Бахтияр Бейсенов алып саладағы еңбек жолын Арыс жол дистанциясында жол шебері болып бастайды. 1980-85 жылдары жол шебері, қауіпсіздік ревизоры көмекшісі, 1986 жылы Шымкент бөлімшесінің қауіпсіздік ревизоры болып жұмыс істеп, 1992 жылы Шымкент жол дистанциясына бас инженер болып тағайындалды. 2002-2009 жылдары түрлі қызметтерде, техникалық өндірісте бөлім бастығы болып қызмет атқарыпты.

Бахтияр Биллайұлы рационализаторлық салаға 2010 жылы келіпті. Осы уақыттан бері ол 31 рационализаторлық ұсыныстың авторы атанып үлгереді. Бұдан бөлек тәжірибелі теміржолшы еңбекте түйген-білгенін өзге әріптестерімен бөлісіп, өндірістік оқыту мастері қызметін де қоса атқарады. Ұлы Мәлік те әке жолын қуып, ШЧ-37 дистанциясында Түлкібас-Шымкент учаске бастығы қызметін атқара жүріп, 3 рационализаторлық ұсыныстың авторы болып үлгерді.

Шымкент магистральдық желі бөлімшесінің Ғылыми-техникалық ақпарат және талдау орталығының меңгерушісі Ләззат Әбутәліпқызы, зейнетке шыққан рационализатор ағалардың қызметін әлі де пайдалануға болатынын, олардың білімі мен біліктілігі жастарға керемет үлгі болатынын айтады. 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды