Демалыс лагерьге 100 теміржолшы баласына жолдама алып берді

Әлеумет
14.06.2019, 10:33
Оқуға 2 мин

 «Қазпрофтранс» ҚБ мен осы бірлестіктің «Астана» торабы филиалы бірігіп, елорда маңындағы ұлттық лагерьге 100 теміржолшы баласына жолдама алып берді.

Осы жылы маусымның ортасында бірінші кезеңін ашатын лагерьде балалар үшін демалыс ерекше жағдайда өтпек. Себебі, Нұр-Сұлтан қаласынан 120 шақырым қашықтықта орналасқан «Nomads Camp» халықаралық деңгейдегі қазақтың киіз үйінде ұйымдастырылған лагерьде балалар таза ауада, табиғат аясында демалып қана қоймай, ұлттық салт-дәстүрді үйреніп, ұлттық тағамдар жасап, ұлттық ойынның қырсырын меңгермек. Лагерьге теміржолшылардың 7-15 жас аралығындағы балалары барады.

– Ұлы даланың салты мен дәстүрлері, қазақтың ырымтыйымдары мен ұлттық ойындары бойынша, сондай-ақ, түрлі рәсімдер, көшпенділер және дала асханасының пайда болуы бойынша шеберлік кластары өтеді. Балалар команда болып жұмыс істеуді үйренеді. Яғни, команда болып бөлініп, ұлттық тағамдар пісіру, атабабаларымыздың жауынгерлік өнері, ұлттық жекпежектерді таныстыру және көрсету, садақ ату, ұлы дала батырлары қолданған қарулармен таныстыру, көшпенділердің кең жазира далада өмір сүру дағдылары, от жағу, су көздерін табу, айдалада келе жатып керекті жеріне бағыт табу, ата-бабалар ізімен «Квест ойыны», қолөнер шеберханасы, қазақы ою-өрнектер мағынасы мен оны жасап көру сияқты жарыстарда бақ сынайтын болады. Көңіл сергітерлік қызықты ойындар арқылы балалар бойына ұлттық құндылықты сіңіру, білімдерін кеңейту – лагерь бағдарламасының басты бағыты. Бұл демалыс балаларға естен кетпес ерекше көңіл-күй сыйлайтынына сенімдіміз, – дейді «Қазпрофтранс» ҚБ «Астана» торабы филиалының төрағасы Серік Сәрсекеев.

Бірегей скауттық бағдарлама бойынша жасақталған лагерьде балалармен әлемнің түрлі елдерінен келген тәжірибелі скаут-нұсқаушылар жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ, төрт мезгіл тамақтанатын болады. Лагерьде күзет пен медициналық қызмет және қауіпсіздік толығымен қамтамасыз етілген. 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды