Ақтөбелік теміржолшылар жетімнің баспанасын жөндеуге көмектесті

Әлеумет
24.06.2019, 12:17
Оқуға 1 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбелік теміржолшылар ел аумағында жүріп жатқан қайырымдылық шараға үлес қосты. Игі істің басынан Қандыағаш жол дистанциясы және белгі беру және байланыс дистанциясының басшылары табылды.

Қос мекеме директорлары өз қалталарынан қаржы шығарып, қол арбада отыратын жетім өскен жігіттің баспанасына жөндеу жүргізіп берді.

«Біз мұндай істерді көп жария қыла бермейміз. «Қарекет» қорының ұйымдастырушылары өтініш жасағаннан кейін сауапты істен бас тарта алмадық. Оның үстіне көмекке мұқтаж отбасындағы отағасы қоларбада отыратын бірінші топ мүгедегі екен. Қайырымдылық қорымен алынған үйдің едендері тозып кеткен, қабырғалары үгітіліп тұр. Үйдің жағдайын көзімізбен көрдік. Жас отбасының балалары да кішкентай. Екі бөлмелі үйдің ескі еденін ауыстырып, үйді жаңадан жаңғыртып бердік. Күні кеше жергілікті билік отбасыға баспананың кілтін табыстады», – дейді Қандыағаш жол дистанциясының басшысы Ербол Сәулебеков.

Ұжымның қайырымдылық шараларына атсалысуы алғаш рет емес. Өткен жылы теміржолшылар Қандыағашта тұратын жетім қыздың есепшотына 300 мың теңгеге жуық қаржы аударған. Ақтөбедегі көктемгі су тасқыны кезінде далада қалған көпбалалы отбасыға баспана тұрғызып берген де осы Қандыағаш станциясының теміржолшылары болатын. 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды