Арыс, біз сенімен біргеміз

Әлеумет
28.06.2019, 08:03

Маусымның 24-і күні тоғыз жолдың торабында жатқан Арыс қаласының тұрғындары соғыс сұмдығын көзбен көргендей күй кешті. Іргедегі әскери бөлімшеде орын алған жарылыс алапат өртке ұласып, аспанға оқ-дәрі, атылған снарядтар ұшқыны бүкіл аумаққа тарап, үрейленіп дегбірінен адасқан адамдар үй-жайларын тастап үдере көшті. Ел басына сын сағат туды...

Өткен ғасырдың басында тартылған «Орынбор – Ташкент» теміржолының бойында қоныс тепкен Арыс қаласында 40-45 мыңдай халық тұрады. Кезінде «маршруттар фабрикасы» атанған, одаққа аты кеткен ірі теміржол торабы теміржолшылар тілімен Орта Азия қақпасы саналады.

Айтса айтқандай, нағыз тоғыз жолдың торабында орналасқан станция арқылы күніне 20-25 жұп жолаушылар пойызы зулап тоқтаусыз жөңкуде. Аймақтағы барлық жүк Арыста сұрыпталып, жан-жаққа жөнелтіледі. Сондықтан ежелден «теміржолшылар қаласы» атанған арыс халқының тең жартысы осы салада еңбек етеді десек болғандай. Теміржолшы кәсібін алғашқылар қатарында меңгерген арыстықтар, міне, бір ғасыр өтті, бүгінде ата кәсіптеріне айналған теміржолшы мамандығына адалдықтан айныған жоқ, Әуезхан Салықбаев, Әбдуәлі Балғымбеков, Сырлыбай Байжанов сынды Еңбек Ері атанған атақты теміржолшылар шыққан ел талай даңқты теміржолшылар әулетімен мақтана алады.

Сондықтан, осындай аса маңызды стратегиялық нысанда орын алған апат, ең алдымен теміржолшыларға қиындық туғызғаны рас. Апат салдарынан Арыста теміржол қатынасы тоқтатылып, нәтижесінде Арыс торабы арқылы өтетін бүкіл маршруттар жол-жөнекей тоқтатылып, Жамбыл мен Шымкентте, Түркістан мен Қызылордада сағаттап тұрып қалуға мәжбүр болды. Жағдайды ушықтырмауға тырысқан жергілікті және теміржол әкімшіліктері бірлесе қимылдап, жаңа бағдарлар ұйымдастырып, ортақ логистикалық тізбек құрды. Нәтижесі, міне, көпшілік көзбен көріп, куә болып отырғандар. Жолда қалған жолаушы жоқ, теміржол көлігі жеткен жерге дейін пойызбен, әрі қарай күтіп алған автобустарға мініп сапарын жалғастырған жолаушылар жолдарынан қалған жоқ. Осыдан бірнеше жыл бұрын салынса да жолаушы қатынасы жақсы дами қоймаған Бейнеу – Жезқазған теміржолының да қызығын көретін кез келіпті. КТЖ әкімшілігі негізгі күшті жаңа жолға бұрып, жолаушы тасымалы үшін Сексеуіл – Жезқазған телімін кеңінен пайдалануда.

Ал бүкіл Қазақстан теміржолшылары бірауыздан арыстық әріптестеріне біркүндік жалақыларын аударуға шешім қабылдады.   

Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды