Ел басына күн туса

Әлеумет
28.06.2019, 09:08
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Осы аптаның басы ә дегеннен жайсыз хабармен басталды. Арыс қаласында болған жарылыс сол жердің тұрғындарын ғана емес, бүкіл қазақстандықтарды бей-жай қалдырмады. 24 маусым күні таңғы сағат 09:20-да өртке қарсы қызметтің пультіне қоймада жарылыс болды деген хабар келіп түседі. Ол Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлімнің аумағындағы алапат өртке ұласты...

Артынша әлеуметтік желілерде куәгерлердің түрлі бейнежазбасы тарала бастады. 45 мың халқы бар Арыс қаласының тұрғындары жарылыстан есеңгіреп, жан-жаққа қашты. Бірнеше сағатқа созылған дүрбелеңнен кейін ахуалды ауыздықтап, жағдайды қолға алуға кіріскен облыс әкімі жанынан жедел штаб құрылып, төтеншеліктер, әскерилер облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевтің бұйрығымен Арыс халқын эвакуациялау қолға алынды. Арнайы көліктер керуені ұйымдастырылып, жан-жаққа тарыдай бытырай қашқан елді жинап Шымкентке, жақын аудандарға тасымалдана бастады. Сонша халықты ас-су, жатын орын, басқа да керек-жарақпен қамтамасыз етуге құзырлы орындардан бөлек бүкіл өңір халқы жұдырықтай жұмылды. Тек Шымкентте 15 эвакуациялау бекеті ашылып, Ордабасы ауданында медициналық штаб құрылды.

Арыста төтенше жағдай жарияланып, мән-жайды анықтау үшін ҚР Қорғаныс министрі генералмайор Нұрлан Ермекбаев бастаған әскерилер оқиға орын алған жерге келіп жетті. Белгілі болғаны, өрт шыққан 44859 әскери бөлімінің аумағы 2700 га құрайды. Онда оқдәрі қоймасы орналасқан, сақтау орындарының ауданы 150 мың шаршы метрден астам аумақты алып жатыр.

Оқиға болған күні кешкісін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұшып келіп, зардап шеккен халықпен кездесу барысында оларға басу айтып, материалдық шығындардың түгел өтелетінін айтып жұбатты.

Тоғыз жолдың торабы саналатын Арыс осылай бір-ақ сәтте тіршілігі тоқтаған өлі қалаға айналды. Жымжырт тыныштық, тіпті соғыс кезінде тоқтамаған теміржол қатынасы да тоқтатылды. Себебі, теміржол жарылысқа жақын қауіпті нысанға жатады. Жолаушы пойыздар Арысқа жетпей Жамбыл мен Шымкент, Түркістан станцияларына тоқтап, жолда қалған 2649 жолаушы тиісті жерлерге автобустармен жеткізілді. Төтенше жағдайға байланысты Арыс арқылы өтетін теміржол бағыттары түгелдей өзгертілді. Аса қажетті тұстарда жолаушылар автобустармен тасымалдануда.

Біз оқиға орнында жүрген «Шымкент ЖТ бөлімшесі» филиалының бас инженері Әбілқасым Айдаровтан аталған жайтқа байланысты қандай да бір мәлімет алуға тырысқан едік. «Қалада әлі төтенше жағдай болғандықтан қазір ешқандай нақты мәлімет бере алмаймыз. Қазір Арыста жүрміз, теміржол инфрақұрылымын тексерудеміз. Жағдай тұрақты болған соң толық хабарын береміз», – деді ол.

Қысқасы, Арыста болған апат елдің елдігін танытты. Сын сағатта арыстықтарға қолдау білдірген халықта есеп жоқ. Еліміздің түкпіртүкпірінен жүк көліктеріне артылған гуманитарлық көмектер ағылып келіп жатыр.

Аймақтар
31.08.2026
Өскемен-1 вокзалы жаңартудан кейін ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Тереңөзек станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Әлемде
31.08.2026
Беларусь елі теміржол арқылы жүк тасымалдау тарифін көтерді
Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде
Жаңалықтар
28.08.2026
Илецк-1 өткізу пунктінде жүк тасымалын арттыру мәселелері талқыланды
Трансформация
28.08.2026
Жеті жүзінші локомотив зауыттан шықты
Трансформация
28.08.2026
Теміржолшылар KinetiX зияткерлік жүйесін игеруде
Жаңалықтар
28.08.2026
Көкшетау – Жамантұз аралығында пойыз машинисі автокөлікпен соқтығысудың алдын алды
Станция тынысы
28.08.2026
Арыс теміржол торабының бүгінгі келбеті
Аймақтар
28.08.2026
Атырауда теміржол саласының бес бірдей мекемесі мерейтойын атап өтті
Аймақтар
28.08.2026
Ақтөбеде 583 шақырым электр желісі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
28.08.2026
Тәлімгерлік мектеп және теміржолшылар династиясы
Жаңалықтар
28.08.2026
Қоғамдық тәртіп – баршаға ортақ
Жаңалықтар / Мұрағат
28.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №68 28 тамыз 2026 жыл
Аймақтар
27.08.2026
Абай облысында Дегелен вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
27.08.2026
Қызылордада теміржолшылар «Әл-ауқат апталығын» бастады
Жаңалықтар
27.08.2026
Stadler компаниясы Қазақстандағы жаңа өндіріске 14 миллиард теңгеден астам инвестиция салмақ
Әлемде
27.08.2026
Өзбекстанда Қытайдың CRRC компаниясы шығарған алғашқы push-pull пойызы пайдалануға берілді
Инфрақұрылым
27.08.2026
Сингапур Орта дәлізді дамытуға атсалысады