Пойызға ерекше жолаушылар отырды

Әлеумет
02.07.2019, 11:13
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Өткен аптада «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол» теміржол вокзалынан Шығыс Қазақстан облысына баратын №376 «Нұр-Сұлтан – Өскемен» бағытындағы пойызға ерекше жолаушылар отырды.

Олар шығыстың табиғаты тамылжыған Риддер қаласындағы «Дарын» жазғы лагеріне демалуға бара жатқан 7 жастан 15 жасқа дейінгі зағип балалар болатын. Олардың жанына ата-анасының біреуі еріп барады.

Жалпы, «Дара» жекеменшік қайырымдылық қоры» мүмкіндігі шектеулі балалармен 15 жылға жуық уақыт жұмыс істеп келеді. Бұл жолы «Әлемді танимыз» жобасы шеңберінде көзі көрмейтін балаларға жалпы білім беру мектебінде оқуға мүмкіндік пен жағдай жа сай отырып, білімге қолжетімділігін кеңейтіп отыр екен. Қор өкілдерінің айтуынша, балалар отбасынан алыс кетпейді. 35-тен астам мұндай ерекше балалар осы бағдарлама бойынша 5 аймақта білім алуда. Ал биыл бірінші рет жаз маусымында зағип балалардың демалысын жазғы лагерьде ұйымдастырып отыр екен. Облыстық әкімдік қолдау көрсетіп отырған бұл жоба бірегей, оның Қазақстан мен ТМД елдерінде баламасы жоқ. Балалардың жанына ата-аналарымен қатар тифлопедагог-мамандар да ілесетін болады.


Сонымен қатар «Дара» қоры аталған жобаны әдістемелік сүйемелдеу және оқыту үшін тифлопедагогика саласының жетекші ресейлік сарапшыларын да шақырған. «Атап өтерлігі, бұл жоба әлем бойынша Coogle компаниясында жұмыс істейтін біздің отандастарымыз бен олардың әріптестерінің көмек беру нәтижесінде жүзеге асып отыр», – деп жоба жұмысымен таныстырды «Дара» қорының өкілдері.

Ал №376 «Нұр-Сұлтан – Өскемен» бағытындағы жолаушылар пойызының бастығы Гүлнәр Бекхожина, бірінші рет мұндай жағдайдағы ерекше жолаушыларды алып бара жатқандарын және соған орай қосымша дайындықтары да бар екенін жеткізді.

«Жол үстінде денсаулықтары сыр беріп жатса, оған медициналық қобдишамыз да, станцияларға жедел жәрдем шақыртатын рацияларымыз да дайын. Жолсеріктеріміз де ерекше күтімдегі балаларға қызмет көрсетуге нұсқаулық алды. Ең бастысы, қасында ата-аналары, мамандар бар. Сондықтан бәрі ойдағыдай болады деп үміттенеміз. Балаларға «Тұлпар-Тальго» вагондарынан жасақталған пойыз туралы әңгімелеп, шаймен қамтамасыз етеміз. Балалар бұл сапардан жақсы естелікпен оралады деген ойдамыз», – деп сөзін түйіндеді пойыз бастығы. 

Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды