Түрксіб темір жолына – 90 жыл

Әлеумет
17.07.2019, 12:33

Осыдан 90 жыл бұрын, 1929 жылдың 19 шілдесінде Іле Алатауына, сол кездегі Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының жаңа астанасы Алматыға алғашқы пойыз келді. Бұл 1927 жылдан бері салынып жатқан әйгілі Түрксіб темір жолының оңтүстік бағыты еді.

Сол кезде бұл оқиға туралы орталық газеттер: «... причалил первый поезд в 10-ти километрах от города (қазіргі Алматы-1 станциясы орналасқан жер), открыт сухопутный порт столицы Казахской республики» деп жазды. Ал Түрксібтің Луговой, Семей қос бағыты келесі – 1930 жылы 28 сәуірде Айнабұлақ станциясында түйісіп, жол құрылысы белгіленген мерзімнен бір жыл бұрын аяқталғаны тарихтан аян.

Осы жерде Алматы-1 станциясының салыну тарихы жайлы айта кетсек. Мұны бүгінде біреу білсе, біреу білмейді. Темір жол станциясын салу жобасының бастапқы нұсқасы бойынша станцияның жолдары мен бүкіл шаруашылығы сол кездегі шағын Алматының батыс жақ шетінде болуы керек еді. Ал ол жер бүгінде қаланың кіндігіне жапсарлас болып қалды. Станция орналасқан орын түпкілікті таңдалар сәтте Түрксібті жобалапсалушылардың бірі, қазақтан шыққан тұңғыш теміржолшы-инженер Мұхаметжан Тынышпаев алғашқы нұсқаның қате екенін дәлелдейді. 1928 жылдан Түрксіб құрылысының техникалық өндірістік бөлімінің бастығы болып қызмет атқарған Тынышпаевқа көп нәрсе жақсы таныс еді. Ол Алматы-1 станциясының орнын таңдауда, таңдалған нұсқаның тиімсіздігін дәлелдеп, баспасөзде бірнеше мақала да жариялады. Алматы губерниялық атқару комитетінің мәжілісінде сөз алып, Мәскеуге барғанда Жол қатынастары Халық комиссариатында мәселе көтерді.

Мұхаметжан Тынышпаевтың уәжі мынау еді: Алматы Қазақстанның астанасы, жас қала, әлі қанша есе өсетін қала, сондықтан егер теміржол станциясы сол жобаланған жерден салынатын болса, алдағы 20-30 жылда-ақ ол қаланың ортасы болып қалмақ. Сондықтан, теміржол станциясы қыспақта қалып, емін-еркін кеңейіп, өсіпөркендеуіне кедергі келтірмес үшін, қауіпсіздік талаптарын да басшылыққа ала отырып, станцияны қаладан 10 км қашықтан салу қажеттігін дәлелдеуге тырысты, дәлелдеді де. Тынышпаев қала мен теміржолдың бір-бірінен тым қашық жатқанын, қарсылық танытқандарға қажет болып бара жатса, қалаға теміржол тармағын тартуға болатынын айтқан болатын. Кейіннен солай болды да, қалаға жақын Алматы-2 станциясы салынып, ал негізгі теміржол шаруашылығы қаланың сыртында жатты.

Тынышпаевтың табандылығының арқасында салынған Алматы-1 станциясы ол кезде қаладан 10 шақырым қашық болса, қала аумағы өсе келе, міне, 90 жылда ол да орталыққа айналғандай. Бүгінде Алматы-1 теміржол станциясы – ұлы құрылыстың құрметіне Түрксіб аталатын ауданның орталығы, ірі өндірістік аудан.

Міне, алаштың арда азаматы, қазақтан шыққан тұңғыш жоғары білімді дипломды инженер-теміржолшы, көрнекті мемлекет қайраткері, тарихшы-ғалым Мұхаметжан Тынышпаевтың көрегенділігі мен табандылығының арқасында ұлт болашағы үшін жүзеге асқан бір игілікті іс осы еді. 

Тоқтарбек ҚОЖАНОВ, ардагер-журналист, бұрынғы «Түрксіб тынысы» газетінің бас редакторы 

Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ «Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында тағы бір алтын медаль жеңіп алды
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында ҚТЖ алғашқы алтын медалді еншіледі
Аймақтар
07.08.2026
Арқалықта жаңғыртудан кейін теміржол вокзалы ашылып, жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды
Жаңалықтар
07.08.2026
«Нұрлы жол» вокзалында санитарлық үй-жайлар жаңартылуда
Аймақтар
07.08.2026
Кәсіби шыңдалу мектебі
Аймақтар
07.08.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбедегі вокзалдың құрылысын тексерді
Аймақтар
07.08.2026
Екпінді станциясында 800 метр жол жаңарды
Жаңалықтар
07.08.2026
Астана – 1 вокзалы заманауи, қауіпсіз және жайлы болады
Аймақтар
07.08.2026
Күзет қызметінің қырандары
Қауіпсіздік
07.08.2026
Қауіпсіздік талаптарын сақтау – міндет
Аймақтар
07.08.2026
Алпыс жылдық абыройлы жол
Жаңалықтар
07.08.2026
Кәсіподақ белсенділері марапатталды
Спорт
07.08.2026
Дойбышылар додасы
Жаңалықтар
07.08.2026
Темір жолдағы қауіпсіздік бойынша ҚТЖ акциясына 150 бала қатысты