Теміржолшылар «Тіл тану» интеллектуалды ойын бағдарламасына қатысты

Әлеумет
22.07.2019, 10:45

Жақында «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның бір топ қызметкерлері «Хабар» телеарнасындағы «Тіл тану» интеллектуалды ойын бағдарламасына қатысты.

Теміржол көлігінің қызметкерлері осындай қоғамдық шаралардан да тыс қалмай, өздерінің жан-жақты қоғам мүшелері екенін дәлелдеп жүр. Компанияның Адами ресурстарды басқару департаментінің бас менеджері Ақмарал Байғабылова бастаған теміржол саласының қызметкерлері аталған сайыста ЭЙР Астана компаниясындағы әріптестерімен жарысып бақ сынасқан. Негізінен зиялы қауым өкілдері, ақынжазушылар, журналистер арасында өтетін ойынның кезекті саны көлік қызметкерлерінің арасында ұйымдастырылыпты.

– Дайындығымыз аз болса да, аяқасты команда құрып, ойынға шақыртқан соң барып қатыстық. Ойын 4 кезеңнен тұрды. Біріншісі, еліміз енді ғана көшіп жатқан латын әріптерімен қала атауларын дұрыс құрастырып жазу сайысы болды. Екіншісі бойынша, 10 беттік мәтіннің ішінен қазақтың көнерген сөздерін табу керек болды. Үшінші кезеңінде, кез келген орыс тіліндегі фильм, мультфильмнен үзінді тыңдатқызды, 1 минутта 2 рет қана көріп шыққасын, сол үзіндідегі мәтінді қазақшаға аударып, өзіміз соны дыбыстап бердік. Ал соңғы сынақта орыс тілінен енген кейбір кірме сөздерді, мәселен, селфи, банкомат сынды сөздердің қазақша баламасын өз ойы- мыздан шығарып, өз нұсқамызды ұсындық. Жеңіс те, жеңіліс те болды. Біз қатысқан бағдарлама эфирден осы жылы қыркүйек айында көрсетіледі, – дейді А.Байғабылова.

Қашан да компанияның қоғамдық өмірінде ерекше белсенділігімен көрініп, жастарды алға жетелеуден жалықпайтын бас менеджер аталған бағдарламаға қатысқан әріптестері Айбек Оспанов пен Сәуле Қалмағанбетоваға табандылықтары үшін алғыс білдірді. Ойын нәтижесінде әуе көлігі қызметкерлері аз ғана артық ұпаймен алға шығып, жеңіп кеткенімен, теміржолшылар командасы да осал емес екендіктерін танытты. 

Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ «Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында тағы бір алтын медаль жеңіп алды
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында ҚТЖ алғашқы алтын медалді еншіледі
Аймақтар
07.08.2026
Арқалықта жаңғыртудан кейін теміржол вокзалы ашылып, жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды
Жаңалықтар
07.08.2026
«Нұрлы жол» вокзалында санитарлық үй-жайлар жаңартылуда
Аймақтар
07.08.2026
Кәсіби шыңдалу мектебі
Аймақтар
07.08.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбедегі вокзалдың құрылысын тексерді
Аймақтар
07.08.2026
Екпінді станциясында 800 метр жол жаңарды
Жаңалықтар
07.08.2026
Астана – 1 вокзалы заманауи, қауіпсіз және жайлы болады
Аймақтар
07.08.2026
Күзет қызметінің қырандары
Қауіпсіздік
07.08.2026
Қауіпсіздік талаптарын сақтау – міндет
Аймақтар
07.08.2026
Алпыс жылдық абыройлы жол
Жаңалықтар
07.08.2026
Кәсіподақ белсенділері марапатталды
Спорт
07.08.2026
Дойбышылар додасы
Жаңалықтар
07.08.2026
Темір жолдағы қауіпсіздік бойынша ҚТЖ акциясына 150 бала қатысты