«Қазақстан теміржолшысы» газеті редакциясына қонаққа келді

Әлеумет
23.07.2019, 10:52
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Өткен жұма «Қазақстан теміржолшысы» газеті редакциясына Нұр-Сұлтан қаласындағы аула клубтарында жазғы каникулдарын өткізіп жүрген, аз қамтылған отбасылардан шыққан мектеп жасындағы балалар экскурсияға келді.

«Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры мұрындық болған кездесу барысында қала мектептерінің 6-7 сыныптарына баратын оқушыларға редакция ұжымы журналистиканың қыр-сыры, газет шығарудың ерекшеліктері туралы айтып берді. Газет дизайнері Әлия Тұрмаханова салалық басылым беттерін әрлеу, мақалалар мен суреттерді мағынасы мен маңызына қарай дұрыс орналастыру ретін компьютердегі арнайы бағдарлама арқылы көрсете отырып түсіндірсе, фотограф Александр Жабчук фотоаппаратпен қалай жұмыс істеу керектігін, жалпы сапалы, мазмұнды сурет түсіру үшін неге басымдық беріп, назар аудару қажет екендігін баяндады. Сонымен қатар тілшілер қауымы журналистке керек ең басты қасиеттер – жеделділік, қоғамда кез келген ортада тез тіл табыса алу екенін, сонымен қатар бұл саланы көздеген адам бала кезден кітап оқуға, тіл байлығын дамытуға үйір болу қажеттігін жеткізді.

– Маған бұл кездесу өте ұнады. Мына ғимараттың ішінде қандай жұмыстар жасалатынын білдім. Қандай басылым шығады, қалай шығады, қанша адам еңбек ететінін көрдім, – дейді оқушылардың бірі Ілияс.

7-сынып оқушысы Әлия Қожа кеева да бұл кездесуден ерек-ше әсермен қайтқанын жеткізді. Әсіресе, оған фото түсіру жұмысына қатысты айтылған кеңестер қатты ұнапты. «Әсіресе, фотографтың камералардың түрлері туралы, суреттердің бастапқы түрі қандай болатыны және оның газетке қалай түсетіні жайлы айтқандары қатты  ұнады. Болашақта кім болам дегенде, таңдайтын мамандықтың бірі журналистика болатын шығар. Себебі бұл өте қызықты әрі бәрінен бұрын барлық ақпаратты бірінші білуге мүмкіндік беретін сала», – деп санайды журналистика курсына баратын 13 жасар Зияда Рамазанова. Кездесу соңында басылым редакторы Дина Серікқызы балаларға редакция атынан шағын сыйлықтар үлестіріп, ұжым болып балалармен естелікке суретке түсті. Еске сала кетейік, аз қамтылған отбасыларға арналған жобаларды жүзеге асыруды басым бағыттарының бірі ретінде қарастыратын «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауының арқасында 2014 жылдан бері Нұр-Сұлтан қаласында 3 аула клубы жұмыс істеп тұр. Ондағы балалар саны 150ден 1600-ге көбейді. Жоба арқылы бүгінгі таңда аз қамтылған отбасылардан шыққан мыңнан астам бала мен жасөспірім 21 үйірме мен секцияларға тегін қатысады. Сонымен қатар осы жоба аясында ата-аналарға арналған «Бақытты отбасы» клубы ашылды. Бұған қоса осымен бесінші жыл аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың жазғы демалысы мен бос уақытын ұйымдастыру бойынша «Жас шуақ» жобасы жұмыс істеп тұр. 

Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды