Тимбилдинг – корпоративтік рух жеңісі

Әлеумет
26.07.2019, 10:03
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жалпы тимбилдинг дегеніміз не? Тимбилдинг – команда құру деген қатарлас мәнге ие. Яғни, ұжымдық командалардың ауызбіршілігі мен ұйымшылдығын және тапқырлығын танытатын жарыстық ойын түрі ретінде ол корпоративтік рухты көтеруге бағытталған.

Сондықтан, теміржолшы жастар шілденің ыстық күндеріне қарамастан демалыс аймағының бірнеше тұсында ұйымдастырылған ойын кезеңдерінде секіру, жүгіруге бағытталған түрлі жарыстарға қатысып, өз командасының жеңісі үшін алға ұмтылды. Бұл ойында жастар 7-8 командаға бөлініп, креативті ойлаудың арқасында өз командаларына ат қойып, ұрандарын айғайлап айтты. Команда капитандары өте белсенді, көңілді әрі тапқыр жас мамандардан таңдалыпты.

Жастар лагерінің бағдарламасын ұйымдастыруға атсалысып жүрген теміржолшылардың бірі, негізгі мамандығы жолсерік Құралай Жидебаеваның айтуынша, аталған тимбилдинг ойыны – Қазақстан бойынша баламасы жоқ жарыс. Биылғы лагерьдің ерекшелігі, осы тимбилдингтің бағдарламаға енгізілуі екен. Сонымен қатар лагерьге бұрын келмеген жас теміржолшылардың қатысуы да ерекшелік болмақ. Себебі олардың әрқайсысы тегіннен-тегін келіп отырған жоқ. Әр өңірден келген командалардағы 10-12 адамның әрбірінің осы бағдарламада атқаратын миссиясы, ролі бар. Бағдарлама аясындағы түрлі сайыстарға бөлініп қойылған.


Ойынға қатысып жүрген жастардың бірімен тілдескенімізде, Семей ЖТ бөлімшесінен келген жетекші экономист Арайлым Қосанова бұл лагерьге өзінің ұжымдағы белсенділігі мен өнерінің арқасында келгенін мақтанышпен жеткізді. 12 адамдық команданың құрамы Семей теміржолындағы бірнеше құрылымдық мекемелерден іріктелген екен.

– Жастар лагеріне алғаш келуім. Бәрі қызықты. Жалықтырмайды. Осындай спорттық жарыстармен қатар өнер байқаулары да өтеді. Мен өзім «Мисс ҚТЖ» байқауында өз өңірімнің намысын қорғамақпын. Шығармашылық сынында Қыз Жібектің монологын оқимын, – деген Арайлым өзінің ән салып, би билейтін өнерінің арқасында көштен қалмасына сенімді екенін жасырмады.

Қостанай белгі беру және байланыс дистанциясының аға электр механигі Дастан Журкабаев та өнерден құралақан емес көрінеді. Ол жайдарманшы ретінде өз өнерін танытты. Теміржолдағы қызметі небәрі екі жыл бұрын басталған ол ұжымдағы ең жас қызметкер екен. Сондықтан лагерьде ой-өрісі ұқсас, көзқарасы бір жас әріптестерімен кездескеніне қуанышты екенін жеткізді. «Өзіме бірнеше сенімді дос тапқан сияқтымын. Ең үлкен олжам сол болмақ» деді қуанышын жасырмай... 

Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды