Жайдарманшылар: шығыстың жігіттері шырайын кіргізді

Әлеумет
26.07.2019, 11:07
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жазғы лагерьдің екінші күнінде ұтқыр да тапқыр жастардан құралған «Жайдарманшылар» ойын көрігін қыздырды. Онда еліміздің шығыс өңірлері бойынша үш облыстың командасы өнер көрсетті. Теміржолшыларды республикалық деңгейдегі ойындарда танытып жүрген Бейімбет жүргізген жарыстың шырайын шығыстың жігіттері кіргізді.

Соның ішінде өскемендік команда басқа қарсыластарынан өзіндік актерлік шеберліктері мен сахналық қойылымдарының мән-мағынасы жағынан да оқ бойы озық болды. Басынан бастасақ, павлодарлық «14 регион» командасы, өскемендік «Өскемен» құрамасы, семейлік «Шығыстық экспресс» командасы өнер көрсеткен жайдарман ойындарына «Қазпрофтранс» ҚБ төрағасының орынбасары Нұрлан Нұрпейісов, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Адами ресурстарды басқару департаментінің бас менеджері Ақмарал Байғабылова мен танымал жайдарманшылар қазылық етті.


Жарыстың беташары – «Визитка» кезеңі бойынша әр команда шағын әзілдері және көңілді әуенмен әрленген қағытпа сөздерімен көрермендермен амандасып алды. Жайдарманшылар барлық шығарылымдарында өз кәсіптеріне қатысты теміржолшылар өмірі, сонымен қатар күнделікті тұрмыстағы мәселелер, қазіргі қоғамдағы түйткілді жайттарды тақырыпқа арқау етті.

Бірақ, «жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, бірінші кезең бойынша топтар арасынан өскемендік құрама суырылып алға шықты. Екінші кезеңінде үздік әзілдер айтудан жарысқан командалар арасында тағы да алға шыққан өскемендік Мұхтарбектің теміржолшылар туралы соңғы әзілі жаппай күлкіге қарық қылып, оларды жеңіске жеткізді. «Жақында келіндер сайысы болды. Ол жерде шай құюдан, еден жуудан, шаң сүртуден жарысты. Бірінші орынды машинист көмекшісі жеңіп алды» деген ұтымды әзіл болатын ол.

Соңғы кезең – «Үй тапсырмасында» барлық командалар жарысқа жайдарманшылардың пойызбен келер жолдағы бастан өткерген оқиғаларына негізделді. Дегенмен, лагерьдің бірінші күнінде ойын көрсеткен батыс өңірінің командаларына қарағанда шығыстық құрамалардың дайындықтары кей жағынан кемшін болғаны да сыналды. Жарыс нәтижесінде қазылар алқасы бірауыздан Жайдарманның «Үздік үй тапсырмасы» номинациясымен семейлік теміржолшыларды марапаттады. Бұл жайдарманның «изюминкасы» болған Джаконда деген лақап аты бар өскемендік Мұхтарбек «Үздік жайдарман ойыншысы» марапатын жеңіп алды. Сонымен қатар «Үздік визитка» марапатына павлодарлықтар ие болды. Ал «Үздік әзіл» дипломы семейліктерге табыс етілді. Ал шығыс жайдарманшылары арасынан жеңімпаз топ ретінде бірінші орын жүлдесімен өскемендік құрама марапатталды.

Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды