Лагерьдің ханшайымы мен ханзадасы кім?

Әлеумет
26.07.2019, 12:15

Жыл сайын лагерь бағдарламасынан түспей келе жатқан бұл байқауға биыл жас теміржолшылар арасынан 10 жігіт бен 10 қыз қатысты. Еліміздің барлық облыстары қамтылған жарыста олар 4 кезең бойынша сайысқа түсіп, «Корпоративтік лагерьдің ханшайымы мен ханзадасы-2019» титулы үшін таласты.

Адами ресурстарды басқару департаментінің қызметкері Айжан Сейтбаеваның айтуынша, аталған байқауға үміткерлер алдын ала белгіленген мерзімге дейін өтінім беріп қояды. Олар алдымен өтінімді толтырып, суретімен қосып ұйымдастырушыларға жібереді. Анкеталық сұрақтарда олар өз армандарын, сүйікті кәсіптерін, алдағы мақсаттары, ҚТЖ-да жұмыс істеудегі артықшылықтар туралы ойларын жазып жібереді.

Жарыстың бірінші кезеңінде сахнада слайдтармен сайыскерлердің аты-жөні мен суреттері өтіп жатқанда олар сахнаға шығып, көрермендермен амандасты. Сайыс жүргізушісі сол сәтте олардың анкеталық сұрақтарға берген жауаптарын оқып, талантты теміржолшылар туралы толығырақ таныстырып тұрды. Осы кезеңде мәлім болғандай, жас теміржолшылардың арасында пойыз құрастырушы болып жұмыс істейтін ақтөбелік Артық Сәулет пен әскерилендірілген күзет қызметінде бөлім инспекторы Әйгерім Ақмамбетова өз өнерімен талай жарыста топ жарған екен. Сол сияқты сымбаты мен сұлулығы және ақылы үйлесім тапқан өзге де сайыскерлер арасында вагондар жылдамдығын реттеуші, оператор, машинист көмекшісі, жүк қабылдап-жөнелтушілер, персоналмен жұмыс жөніндегі менеджер, электр механигі, есепші, жетекші экономист, жол монтері, хатшы, станция кезекшісі қызметін атқарып жүрген жастар бар. Олардың қызығушылықтары мен қосымша айналысатын сүйікті кәсіптері сан алуан болғанмен, ортақ кәсіптері ел экономикасының күретамыры – теміржол, кәсіптері теміржолшы екенін мақтаныш етеді.

Екінші кезең «Визитка» деп аталды, бұл сайыста олар танымал бір тұлғаның, өнер адамының, тарихи кейіпкердің бейнесін сомдап, сахна төрінде өнер көрсетті. Атап айтқанда, ақтөбелік Әйгерім тағдыры зарлы қос ғашық Қозы мен Баянның махаббатына қатысты Баянның монологын орындауы, алматылық Забина Ясынованың майдан даласында ерлікпен қаза тапқан қазақтың батыр қызы Мәншүк Маметованың өр бейнесін керемет сомдап шығуы, сол сияқты семейлік Арайлымның Қыз Жібектің ролін ойнауы көпшілік көңілінде керемет әсер қалдырды. Үшінші кезеңде таланттарын таныту сайысында, аты айтып тұрғандай, сайысқа қатысушылар өз өнерлерін ортаға салды. Соңғы кезең «Дефиле» сайысында олар кешкі киім үлгісін көрсетіп, сахнада өздерін ұстау қабілетін танытты.

Сонымен жарыс соңында сахна төріне алғаш боп шығып, әппақ қазақы көйлегі, өзінің табиғи ұзын шашы және қойылған әдемі дауысы, керемет өнерімен Баян образын сомдаған ақтөбелік Әйгерім «Корпоративтік лагерь ханшайымы-2019» титулын жеңіп алды. Ал атақты «С легким паром или ирония судьбы» киносынан үзінді келтіріп, гитарамен ән шырқаған персоналмен жұмыс бойынша менеджер Ержан Жаналиев «Корпоративтік лагерь ханзадасы-2019» марапатына ие болды. Одан әрі қарай бірінші вице-мисс-2019 атағын, яғни екінші орын жүлдесін «Нұрлы жол» вокзал кешенінің кезекшісі Аманкүл Шағырова, бірінші вице-мистер-2019 атағын сарышағандық жолшы Тұрар Хабдолдай иеленді. Үшінші орынды семейлік Арайлым Қосанова мен Защита локомотив депосының машинист көмекшісі Рүстем Төлеуханов алды. Одан әрі «Көрермен көзайымы» номинациясына көкшетаулық электр механигі Юлия Те мен павлодарлық техникалық бөлім токарі Айдын Зейнуллов лайық деп танылды. «Кербез ару» қостанайлық «Транстелеком» филиалының менеджері Динара Баймұратоваға, «Ержүрек» атағы семейлік жүк қабылдап-жөнелтуші Дәулет Қабдолдаевқа, «Фото мистері» атағы Достық станциясының вагон жылдамдығын реттеуші Бауыржан Баққожаға, «Әртістік қабілеті үшін» атағы маңғыстаулық Әйгерім Сақтағанова мен Артық Сәулетке, «Әдемі жымиыс» шығысқазақстандық жүк қабылдап-жөнелтуші Ақмарал Сержановаға, «Стильді жігіт» образы оралдық станция кезекшісі Ертарғын Ерболатқа, «Әсемпаз ару» атағы алматылық СТЦ операторы Забина Ясыноваға, «Гламур ару» атағы павлодарлық есепші Евгения Соловьеваға берілді.

Осылайша ҚТЖ жастары асыға күткен жылдағы дәстүрлі шара өз мәресіне жетіп, барлық жеңімпаздар мен үздік командалар арнайы дипломдар және сыйлықтармен марапатталды. Компания басшылығы атынан «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директорының кеңесшісі Баян Суннатова корпоративтік лагерьдің биылғы қатысушыларына осындай көңілді шараны өткізуге атсалысқандары үшін алғыс білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Лагерьдің кереметтей әсерге толы әрбір күні суреттер мен бейнебаяндар арқылы әлеуметтік желілерде естеліктерге айналды...   

Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды