Үздік жайдарман ойыншысы - электр монтері

Әлеумет
29.07.2019, 14:56
Оқуға 2 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Биылғы жазғы корпоративтік лагерьде «Жайдарман» ойындарының шығыс өңірлері бойынша «Үздік жайдарман ойыншысы» атанған Мұхтарбек Ақатаев Өскеменде ШЧ-28 мекемесінде электр монтері болып еңбек етеді.

Көпшілікті сыртқы түр келбеті, сахнадағы тартымдылығы, көрерменді баурап алатын харизмасы арқылы, сонымен қатар өткір әзілдерді күлдіре отырып шебер жеткізе алуымен ә дегеннен-ақ көрерменді баурап алып, үздіктер қатарына өткен Мұхтарбектің биыл ғана жоғары оқу орнын тәмамдап, қызметіне кіріскеніне небәрі 3 ай болған. Әкесі Қайратбек Өскемендегі Коршуново станциясының кезекшісі болса, анасы сол станцияда жүк қабылдап-жөнелтуші, ал әпкесі Дана өзі еңбек ететін ұжымда әріптесі екен. Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің көлік саласы бойынша инженерия факультетін тәмамдаған Мұхтарбек әулеттің көшін одан әрі жалғап, алған білімін тәжірибемен ұштастыруда. Ал көңілді де тапқырлар клубы – жайдармандағы өнері оның мектеп кезінен бастау алған.

– Алдымен мектеп қабырғасында, кейіннен университетте де «Жайдарман» ойындарына қатысып, бұл менің хоббиыма айналды. Бұрынғы «даңқымды» естіп біліп, басшылық мені және қасымдағы локомотив шаруашылығындағы жігіттерді қосып, Өскемен құрамасын дайындап жіберді, – деп әзілдеген жас жігіт күліп алды, – Сценарийді жазғанда тақырыптарды өмірден, қоғамдағы болып жатқан оқиғалардан аламыз. Негізінен әзілдер өтімді болу үшін аудиторияның қандай екеніне мән береміз. Біздің аудитория теміржолшылар болғандықтан сол тақырыпқа басымдық бердік.

Жалпы, теміржол саласына кездейсоқ келмеген, Ақатаевтар династиясының бір өкілі Мұхтарбектің алға қойған арман-мақсаты көп, өз кәсібінің маманы болуды мақсат тұтады. Әзірге үйренуші, тәжірибе жинақтауда. Алдыңғы буын теміржолшылардың қасында көмектесіп жүріп, КИП байланыс бойынша станцияаралық сымдардың ақаусыз жұмыс істеуі, үзілмеуі, аккумуляторды ауыстыру, құралдардың тазалығы сынды тағы басқа жұмыстарды жасауда. Теміржолды – тек әулет жолын жалғау үшін ғана емес, жан қалауымен таңдаған Мұхтарбек болашағынан зор үміт күтетін мамандардың бірі деп санайды басшылық.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды