Теміржолшылар «Мектепке жол» акциясына белсене қатысқалы отыр

Әлеумет
28.08.2019, 12:57

Жалпы түбек теміржолшылары балаларға қуаныш сыйлау іс-шараларынан қалыс қалған емес. Биыл да дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық акциясына белсене қатысқалы отыр. 

Осы жылы Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесі Мұнайлы ауданындағы 50 оқушыны жаңа оқу жылына дайындауды мойнына алған. Бұл – аудандық білім бөлімінен айтылған ұсынысқа орай белгіленген меже. Қазір аталған қайырымдылықтың қаражаты қарастырылып, мекемелер әзірлік шараларына кіріскен. Одан бөлек мекеме қызметкерлері өз араларында да акцияға қатысуды бастаған. Мысалы, Болашақ станциясының жолшылары ауылдағы бір ананың балаларын жаңа оқу жылына дайындауға атсалысқан. Екі баласы мектепте оқитын жалғызбасты анаға қаржылай көмектесіпті.

− Акция аясында біз аудандық білім бөлімінен №13 мектеп-гимназиясы мен №1 орта мектептің 50 баласын мектепке қажетті құрал-жабдықпен қамтуға міндеттеме алдық. Оларды өзімізге қарайтын мекемелерге бөліп тастадық. Осы аптада қай мекеменің қалай жұмыс жасағаны белгілі болады. Балаларға арнап сатып алған тауарларымызды мектептерге жеткізіп береміз. Білім ордасы басшылығының өздері тапсыратын болады, – дейді кадрлар бөлімінің бастығы Екпін Қожахметов.

Оның айтуынша, Маңғыстау теміржолшыларының балалары жазғы демалысын да қызықты өткізген. 300-ге жуық бала Ақтау қаласындағы «Балдәурен», Жаңаөзен қаласындағы «Кендірлі» демалыс орнында болып қайтқан. 

Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады
Қауіпсіздік
14.08.2026
Сексеуіл мен Аралда ауқымды рейд өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
Теміржолшылар Құрылтай сайлауының маңызын талқылады
ҚТЖ келбеті
14.08.2026
«Алтын кітапқа» арқау болған теміржолшы
Инфрақұрылым
14.08.2026
Орта дәліз кәсіподағын дамыту – ортақ міндет
Жаңалықтар
14.08.2026
Арнайы пойыз жолға шықты
Әлеумет
14.08.2026
Жаз қызығы жалғасуда
Спорт
14.08.2026
Маңғыстауда аңызға айналған теміржолшы Сағынай Қошқарбаевтың мерейтойына орай турнир өтті
Спорт
14.08.2026
Шу станциясында теміржолшылар арасында тораптық жарыс өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы электр орталықтандыру маневрлік бекетінде болып, Астана-1 вокзалының құрылыс барысымен танысты
Жаңалықтар / Мұрағат
14.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №64 14 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
13.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ-ның локомотив паркі 146 заманауи локомотивпен толықты
Әлемде
13.08.2026
Қытай теңіз бағыттары үшін контейнерлерді екі қабатпен таситын алғашқы пойызды іске қосты
Жаңалықтар
13.08.2026
Теміржол өткелінде көлік істен шығып, жүк пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды
Аймақтар
13.08.2026
Абай облысында 8 теміржол вокзалы жаңғыртылуда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан жүк тасымалы көлемін арттыру шараларын пысықтауда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты дамытуда
Аймақтар
12.08.2026
Түлкібас теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлемде
12.08.2026
Бавария алғашқы сутекті пойызын желтоқсанда іске қосады
Жаңалықтар
12.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы локомотив және жолаушылар паркімен танысты