«Үздік маман» атанған Ирина

Әлеумет
21.09.2019, 14:54

Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінде инженер болып қызмет ететін Ирина Краснова жуырда зейнеткерлікке шығады. Көп жылдар бойы бір салада табан тіреп еңбек еткен ол жақында ғана «Үздік маман» атанды. Өмірінің 42 жылын теміржолға арнаған білікті маман тағдырының теміржолда өрілгеніне еш өкінбейді...

 Осы Ақтөбе қаласында дүниеге келген Иринаны тағдыры бала кезденақ теміржолмен байланыстырған сыңайлы. Тек теміржолшылар мекендеген тұрғын үйде балалық шағын өткізген Иринаның анасы Краснова Надежда Александровна өмірінің 40 жылын осы теміржол саласына арнаған ардагер еді. Балалық шағын соғыстың зұлмат жылдары ұрлап, 14 жасында теміржол училищесіне оқуға түскен Надежда 1946 жылы станцияға жұмысқа тұрып, зейнеткерлікке шыққанға дейін еңбек етіпті.

– 12-13 жасымда сіңлім Маринамен бірге Ақтөбе станциясында «стрелочник» болып еңбек ететін анамызға еріп барып, бағыттағыштарды май лап жүрдік. Сол кезде маған анамның бағыттағыштарды қолмен ауыстырып, тазалап, тыным таппай жүретіні ұнайтын. Оған көмектесуге тырысатынмын, ұжымдастарының «қандай керемет көмекшің бар» деген мақтауын естіп марқайып қалатынмын. Сол кездің өзінде мен: «Теміржолда жұмыс жасау қандай керемет, өскенде теміржолшы боламын» деп ой түйгенім есімде. Мектеп бітіргенде 17 жаста едім. Теміржолға кәмелет жасына жетпегендерді жұмысқа алмайды. Мен уақытша теміржол ауруханасына жұмысқа тұрып, тіркеу бөлімінде науқастардың картасын толтырып жүрдім. 18-ге толған соң бірден теміржолға ауыстым. Автоматтандырылған есептеу орталығында бірнеше жыл еңбек еткен соң жүк тасымалдау бойынша құжаттарды өңдеу орталығына (ТехПД) ауысып ұзақ жыл еңбек еттім. Сырттай оқуға түсіп, теміржол колледжін «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша тәмамдадым, өзімді нағыз теміржолшы ретінде сезіне бастадым, – деп еске алды кейіпкеріміз.

Ирина қай жұмыста да өзінің еңбекке ептілігі мен сауатты маман екенін көрсете білді. Сондықтан басшылық Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесіне транзиттік тасымал есепқисабын жүргізуге ауыстырғанда бұл өзіне көрсетілген үлкен сенім деп қабылдады және сол сенім үдесінен шыға білуге барын салды. Білімін жетілдіріп, ізденіп, үйренуден, оқып-тоқудан жалықпады. Бұл жерде 10 жылға жуық еңбек еткен соң құжат айналымы бөлімінде, сосын құпия әскери жүктерді тасымалдау бөлімінде еңбек етті. Бұдан әрі Иринаның еңбек өтілі тауар кассирі, одан әрі аға тауар кассирі, кейін қазіргі инженер лауазымына ұласып, өз міндетін жоғары жауапкершілікпен атқарумен тек алғысқа ие болып келеді.

– Кез келген жетістікке жеткісі келетін адамда ең бірінші өзіне және жұмысына деген жауапкершілігі жоғары болуы тиіс. Сондай-ақ, атқарып отырған жұмысыңды жақсы көре алмасаң да, ең болмағанда сыйлауға тиіссің. Сонда жұмысың да жақсы жүреді, жемісін де береді. Барлық кезде сен қоғамның бір мүшесі екеніңді ұмытпай, айналаңда жұмысты бірге атқарып отырған әріптестерді сыйлау керегін баса айтқым келеді. Себебі, жалғыз бір адам бөлімнің барлық жұмысын атқару мүмкін емес. Теміржолда жекедара табысқа жету жоқ, тек ұжым болып бірге еңбектенгенде ғана ортақ нәтижеге қол жеткізесің, демек табыс та ортақ. Осы орайда, мені үнемі қолдап келген барлық әріптестеріме ризашылығымды білдіремін. Сондай-ақ, бір жерден екінші жерге үйренісіп кету де оңай емес. Кезінде мені осы салаға келгенде, тәжірибелерімен бөліскен тәлімгерлеріме де алғысым шексіз, – дейді таяуда зейнеткерлікке шығатын Ирина Краснова. 

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады
Қауіпсіздік
14.08.2026
Сексеуіл мен Аралда ауқымды рейд өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
Теміржолшылар Құрылтай сайлауының маңызын талқылады
ҚТЖ келбеті
14.08.2026
«Алтын кітапқа» арқау болған теміржолшы
Инфрақұрылым
14.08.2026
Орта дәліз кәсіподағын дамыту – ортақ міндет
Жаңалықтар
14.08.2026
Арнайы пойыз жолға шықты
Әлеумет
14.08.2026
Жаз қызығы жалғасуда
Спорт
14.08.2026
Маңғыстауда аңызға айналған теміржолшы Сағынай Қошқарбаевтың мерейтойына орай турнир өтті
Спорт
14.08.2026
Шу станциясында теміржолшылар арасында тораптық жарыс өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы электр орталықтандыру маневрлік бекетінде болып, Астана-1 вокзалының құрылыс барысымен танысты
Жаңалықтар / Мұрағат
14.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №64 14 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
13.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ-ның локомотив паркі 146 заманауи локомотивпен толықты
Әлемде
13.08.2026
Қытай теңіз бағыттары үшін контейнерлерді екі қабатпен таситын алғашқы пойызды іске қосты
Жаңалықтар
13.08.2026
Теміржол өткелінде көлік істен шығып, жүк пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды
Аймақтар
13.08.2026
Абай облысында 8 теміржол вокзалы жаңғыртылуда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан жүк тасымалы көлемін арттыру шараларын пысықтауда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты дамытуда
Аймақтар
12.08.2026
Түлкібас теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлемде
12.08.2026
Бавария алғашқы сутекті пойызын желтоқсанда іске қосады
Жаңалықтар
12.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы локомотив және жолаушылар паркімен танысты