«Үздік ұжым» жетістігі

Әлеумет
25.10.2019, 10:05
Оқуға 3 мин

 Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі – Өзбекстан мен Түрікменстан елдерімен шектесетін 1115 шақырымдық теміржол желісіне қызмет көрсететін жас та болса тәжірибелі ұжым. Бөлімше жыл басынан бері тоғыз айды жақсы нәтижелермен қорытындылап отыр. Осы уақыт аралығында бірде-бір қозғалыс қауіпсіздігін бұзу дерегі, өндірістік жарақаттану оқиғалары тіркелмеген. Керісінше жағымды жаңалықтар баршылық... 

ПС-058 жол өлшегіш вагонының бақылап-тексеру қорытындысы бойынша жол күтімі бөлімшеде жоспарлы 72 бірлік, 55 баллдық бірлікке орындалып, 124 па- йызды құраған. Өткен жылмен салыстырғанда жол жағдайы 10 пайызға жақсарған. Былтыр Маңғыстау-Бейнеу телімінде жолдың үстіңгі құрылысына 73,3 км күрделі жөндеу, 20 км орташа жөндеу жүргізілген болатын. Үстіміздегі жылдың тоғыз айында 56,6 км Маңғыстау-Бейнеу телімінде күрделі жөндеу жасалып, қазан айында толық бітіру жоспарлануда. Жетібай-Өзен аралығына да 21 км орташа жөндеу межесі бар. Аталған жөндеу жұмыстарынан кейін бұл телімдерде қозғалыс жылдамдығы артып, бұрын 40-50 км болған жерлерде 100 шақырымға дейін көтеру көзделуде. Мәселен, өткен жылы жылдамдық 60 км болған телімде 100 км дейін өскен. Міне, бұл жас та болса тәжірибелі ұжымдағы өзара ынтымақтастық пен жүйелі жұмыстардың нәтижесі екеніне күмән жоқ. Барлық жұмысты үйлестіріп отырған бөлімше директоры «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы С.Мыңбаевтың 2019 жылғы 30 мамырдағы бұйрығына сәйкес, 2018 жылғы салалық жарыстың қорытындысы бойынша «Үздік басшы» атанды. Мекеме ұжымы магистральдық желі бөлімшелері арасынан «Үздік ұжым» деп табылып, бірінші орынды иемденді. 20.09.19 ж. ЦУДИ-06-02/124 хаттамасына сәйкес биылғы жылдың бірінші жартыжылдық қорытындысында магистральдық желі бөлімшелері арасынан Маңғыстау бөлімшесі тағы да «Үздік ұжым» атанып, мерейі үстем болды. Бөлімшеге қарасты мекемелер көрсеткіші де жаман емес. Дистанциялар арасынан ПЧ-12 Бейнеу – бірінші, ЭЧ-5 Маңғыстау – екінші, ВП-11 Бейнеу – бесінші, ПЧ-13 Маңғыстау тоғызыншы орындардан көрінді. Сондай-ақ биыл аталған мекемелерде еңбек ететін теміржолшылар да біраз жетістіктерге жетті. Маңғыстау жол дистанциясы бастығының орынбасары Жолдас Жетібай, Маңғыстау электрмен жабдықтау дистанциясы бастығының орынбасары Нұрболат Шалғабай, Жол дистанциясының бастығы Айжарық Сенгірбеков «Адал еңбегі үшін» белгісін алса, Маңғыстау қалпына келтіру пойызының кран машинисі Нұрадин Хайнарбаев, Маңғыстау жол дистанциясының жол монтері Оразгүл Бабақұлов, Қалбек Абдыров «Кәсібі бойынша үздік» атанды. Маңғыстау белгі беру және байланыс дистанциясы инженері Күміс Керекбаева, бөлімшенің экономика бөлімі басшысы Гүлмира Иснаддинова, Бейнеу жол дистанциясының өндірістік техникалық бөлім басшысы Гүлжан Сариева «Үздік маман» болып танылды. ПЧ-13 мекемесінің теміржолшылары Иса Аймаханов, Солтанбек Базарбаев және Зұлхарнай Оразалиев «Құрмет грамотасымен» марапатталды. − «Үздік ұжым» атану оңай емес. Бұл жақсы нәтижеге жету оңайлықпен келген жоқ. Ол үшін біздер «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалдарының инфрақұрылым саласында жіберілген кемшіліктерін талдай отырып, олардың алдын алып, ай сайын профилактикалық жұмыстар жүргіздік. Алдағы 5 жылға жоспар құрып, тиісті ісшараларды жасақтадық. Өзімізге негізгі бағыттарды анықтап алып, қойылған тапсырмаларды уақытында орындадық. Яғни,бір сөзбен айтқанда, жоғарғы басшыдан қарапайым жұмысшыға дейін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, әркім өз міндетіне сай еңбек етті, – дейді өз мекемесінің абыройын бөліскен Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі жол бөлімінің жетекші инженері Марлен Көктеубаев.

Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?