Тарлан теміржолшыға құрмет

Әлеумет
31.10.2019, 23:03
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе өңіріндегі ең үлкен тораптық станция Қандыағашты 17 жыл абыроймен басқарған Нұрибай Сәрсеновті кім білмейді?! Жұмысы аса күрделі станцияны тек алдыңғы шепте ұстап, өндірістік-қаржылық көрсеткішін өрге сүйреген басшыны әріптестері зор құрметпен зейнет демалысына шығарып салды.

Тоғыз жолдың торабында орналасқан станцияда 300-ге жуық теміржолшы еңбек етеді. Қандыағаш кластан тыс станция, құрамында 5 парк бар. 232 бағыттамалық бұрма бір орталықтан басқарылады. Және тәулігіне 22-24 жұп пойыз өтіп, теміржолдың қайнаған тірлігі жүріп жатқан станция жұмысы аса қауырт та күрделі. Сондықтан оны Сәрсенов сынды нағыз өндіріспен біте қайнасқан және жергілікті жердің ой-шұқырына дейін бес саусақтай білетін нағыз теміржолшы ғана тиімді басқара алмақ дегенді әріптестері бірауыздан мойындайды.

Нұрибай Аманғалиұлы 1956 жылы 29 қыркүйекте осы топырақта дүниеге келіп, мектеп бітірген соң еңбек жолын 1976 жылы Шалқар вагон депосында слесарь болып бастайды. Бір жылдан соң вагон қараушы болып ауысып, одан стрелка бұрушы, станция кезекшісі болып сатылай өсе береді. Өндірісте жүріп білімін де жетілдіру қиынға түспеді. 1983 жылы Алматы темір жол институтына түсіп, «Темір жолды пайдалану» мамандығы бойынша бітіріп, жоғары білім алды.

1986 жылы Ақтөбе жол бөлімшесінің Қандыағаш-НикельтауЕмбі учаскесінің ревизоры болып тағайындалып он жыл қызмет етті. Сосын ғана Қандыағаш станциясына ауысып, алдымен станция кезекшісі, кейін дөңес бастығы болып көп жыл еңбек етті. Тәжірибесі толыса келе бас инженер болып тағайындалып, ауқымды тораптық станцияның барлық техникалық мәселесін сауатты жүргізе білгенінің нәтижесінде Қандыағаш аймақтағы алдыңғы қатарлы станцияға айналды. 2002 жыл станция бастығы болып тағайындалып, күні бүгінге дейін жемісті қызмет атқарды. Кәсіби маманның саладағы еңбек өтілі тура 40 жылды құрайды.

Қандыағаш станциясы өндірістік-қаржылық қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізгені және пойыз қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз еткені үшін қатарынан үш жыл – 2009, 2010, 2012 жылдары «Салалық жарыстың жеңімпазы» болды, ал Нұрибай Аманғалиұлы «Үздік басшы» номинациясын иеленді. 2004 жылы «Адал еңбегі үшін» кеуде белгісімен марапатталды. Ал 2006 жылы ауданның қоғамдықсаяси іс-шараларына белсене араласқаны және теміржол саласында атқарған көп жылғы жемісті еңбегі үшін «Мұғалжар ауданының жыл адамы» атағы берілді. 2012 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталды.

Тарлан теміржолшының ерен еңбегі осылай өз бағасын алып, әріптестері арасында сауатты да кәсіби маман ретінде танылды. Қазақстан темір жолының Орталық кеңсесі төріндегі Құрмет тақтасының «Yздiк мамандар» тізімінде суреті ілулі тұр. Барша әріптестері, шәкірттері Нұрибай Аманғалиұлына ұзақ жылғы еңбегі мен берген тәлімтәрибиесіне алғыс айтып, қимастықпен зейнет демалысына шығарып салды.  

Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?