Қарақия халқына қызмет көрсетті

Әлеумет
09.12.2019, 15:58
Оқуға 2 мин

Темір жол бойымен жұмыс сапарын Маңғыстау өңірінде жалғастырып жатқан «Жәрдем» медициналық пойызы облыс орталығынан 80 шақырымдай қашықтықта орналасқан Қарақия станциясына келіп жетті.

Желтоқсанның 7-8 күндері осы станцияда болып халыққа екі күн бойы таңертеңгі 10 мен кешкі 17 аралығында медициналық қызмет көрсетуге кіріскен жылжымалы емхананың жұмысы ә дегеннен жемісті басталды. Негізінен теміржолшылар тұратын Қарақия станциясына тоқтаған «Жәрдем» пойызына станция тұрғындары ғана емес, өзге жақын елдімекендердің халқы да көп келді. Қарақия ауданының және Құрық ауданының бірнеше ауылынан барлығы 350-ге жуық тұрғын, егде жастағылар, балалы ата-аналар көп салалы медициналық қызметтің өз «аяғымен» жеткеніне қуанып, салалық дәрігерлерге қаралып, қажетті кеңестерін алып жатты.

− Станциямызда шағын медициналық пункт бар, дегенмен тұрғындарымыз көбіне толық тексерілуге 10-15 шақырымда орналасқан аудан орталығындағы емханаға барады. Сондықтан станция халқы түрлі заманауи медициналық құрылғыларды, медицинаның түрлі бағыттағы білікті мамандарын бір арнаға тоғыстырған «Денсаулық», «Жәрдем» пойыздарын қашан да асыға күтеді. Осы жолы да талай адам пойыз дәрігерлерінен жан-жақты медициалық көмек алып, денсаулықтарын шыңдады. 

Мұның алдында келіп кеткен «Денсаулық» пойызының мамандарына жүгінгендердің қарасы да қалың болған еді. Ол жолы барлығы 425 адам тексеруден өткен. Пойыздарға бар қажеттілік жасалып, жарықпен, сумен, медициналық қоқыстар үшін жәшіктермен қамтылды. Жалпы, медициналық пойыздар бізге қызмет көрсетсе, біз оларға дегендей, бәрі жоғары деңгейде жақсы ұйымдастырылды, – дейді Қарақия станциясының бастығы Абай Зейнелғабитов.

Сонымен «Жәрдем» пойызы бұл станцияға бөлінген екі күнде 295 ересек адамды, 75 баланы қабылдап, тиісті дәрігерлік көмек беріп, әрі қарай Жетібай станциясына жол тартты. 

Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?