Әлеуметтік қолдауға – 5 млрд теңге

Әлеумет
18.02.2020, 10:52

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ Ұжымдық шарт шеңберіндегі міндеттемелерді орындауға өткен жылы 5 млрд теңгеге жуық қаржы бағыттаған. Бұл туралы қоғамның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Аталған компанияға білікті және кәсіби кадрларды тарту және оларды ұстап қалу үшін Ұжымдық шартта жұмысшыларға арналған әлеуметтік пакет қарастырылған. Әлеуметтік жеңілдіктер қатарына темір жол көлігімен жүру ақысын төлеу, зейнетке шығып жатқандарға бір реттік жәрдемақы, мерейтойлық даталарға байланысты, баланың туылуы және жерлеуге, мектепке баратын 3 немесе одан көп баласы бар отбасыларға, ерекше балалары бар қызметкерлерге материалдық көмектер беру сынды жеңілдіктер жатады.

Теміржолшыларға қазақстандық емдеусауықтыру орындарына, санаторий-профилакторилерге жолдамалар ұсынылады. Бұл ретте жұмысшы жолдама құнының тек 10 пайызын, ал қалғанын жұмыс беруші төлейді. Теміржолшылардың мектеп жасындағы балалары жазғы сауықтыру орталықтары мен лагерьлерде денсаулықтарын шыңдап, каникулдарын өткізеді.

Локомотив бригадалары 57 жасқа келген соң демалысқа жіберіліп, зейнеткерлік жасына келгенге дейін салалық жәрдемақы ала алады. Бүгінгі таңда осы мүмкіндікті 2 мыңнан астам адам пайдаланып отыр. Жыл сайын қоғам барлық локомотив деполарына салалық жәрдемақы беруге 2,2 млрд теңгеден астам қаржы бөледі.

2020 жылы сондай салалық жәрдемақы алатындар қатарына тағы 320 машинист пен олардың көмекшісі қосылады деп күтілуде. Тиімді және өнімді еңбекке ынталандыратын міндеттемелерді қамтамасыз етуге Ұжымдық шарт бойынша қаржы көлемі де арттырыла бермек. Тек осы жылдың өзінде ғана әлеуметтік төлемдерге 8,7 млрд теңгеден астам қаржы бөлу жоспарлануда.

Ұжымдық шартта қарастырылған жеңілдіктер мен кепілдемелер және өтемақылардың көп бөлігі теміржолшыларға еңбек заңнамасында келісілген деңгейден тыс ұсынылатын болады.

Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді